«Қазақстандағы ауыл шаруашылығының цифрлық технологиялары» конкурсы
Жаңалықтар
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының аймақтық филиалы (бұдан әрі ФАО) «Қазақстандағы ауыл шаруашылығының цифрлық технологиялары» конкурсының жариялау туралы хабарлайды (бұдан әрі - конкурс). Бұл байқау ауыл шаруашылығына инновациялық технологияларды енгізудегі озық және табысты тәжірибені анықтап, көрсетеді. Өтініш берудің соңғы мерзімі 2021 жылдың 31 шілдесіне дейін.
Консурсқа қатысу үшін төмендегі ақпаратты оқып, негізгі талаптарымен танысыңыз. Конкурсты қолдайтын фермерлердің кең тізімі таңдалады. Іріктелген шаруа қожалықтарына цифрландыруға салынған инвестициялардың қайтарымын зерттеу және бағалау үшін техникалық-экономикалық мамандар (ФАО есебінен) бөлінеді. Нәтижесінде ауыл шаруашылығын цифрлы дамыту бойынша ұсыныстар жасалады. Толық ақпаратты ұсынған үміткерлерді Конкурс комиссиясы іріктеп, 2021 жылдың қарашасында өтетін «Қазақстандағы ауыл шаруашылығының цифрлық технологиялары» қорытынды онлайн-конференциясы кезінде өз тәжірибелерін ұсынуға мүмкіндік береді.
Толығырақ: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Толығырақ: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
467 -рет қаралды