Дәнді-бұршақ және майлы дақылдар селекциясы зертханасының ғылыми қызметкерлері бұршақ дақылдарын жинауды жүргізуде
Жаңалықтар









"А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталағы" дәнді-бұршақ және майлы дақылдардың селекциясы зертханасында дәнді-бұршақ дақылдарын жинау бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі таңда осы зертхана қызметкерлері орташа өнімділігі 11,57 ц/га болатын асбұршақтың КАСИБ, Статус және Өріс сорттарын және жасымықтың орташа өнімділігі 9.0 ц/га болатын ұсақ тұқымды Крапинка, ірі тұқымды Шырайлы сорттарын жинады. Селекциялық питомниктерде жинау жұмыстары әлі де жалғасып жатқанын айта кету керек.
804 -рет қаралды