А.И. Бараев атындағы АШҒӨО-ның қызметкерлері ҚазҰЕШжӨШҒЗИ семинарына қатысты
Жаңалықтар
А.И. БараеватындағыАШҒӨО республикадағы жетекші мекеме ретінде, дәнді, бұршақ тұқымдас, майлы, мал азықтық дақылдарды өсіру технологияларын әзірлеу және солтүстік, орталық аймақтар үшін жаңа сорттарды құру бойынша қолданбалы зерттеулермен айналысады және қазақстандық және шетелдік ғылыми-зерттеу институттарымен ынтымақтастықта болып, өзінің ғылыми әзірлемелерімен бөліседі.
Орталық ҚазҰЕШжӨШҒЗИ ғалымдарымен тығыз жұмыс істейді, олармен БМҚ шеңберінде ғалымдар екі ғылыми жоба бойынша ынтымақтастық орнатуға ниетті: дәнді-бұршақ дақылдарының селекциясы және майлы және жармалы дақылдардың селекциясы бойынша.
Жақында А.И. Бараев ат. АШҒӨО-ның дәнді-бұршақ, жем азықтық, майлы және жармалы дақылдар бөлімінің ғылыми қызметкерлері Ошергина Ирина мен Тен Евгений дәнді-бұршақ дақылдары бөлімінің бастығы, патенттелген сояны будандастыру әдісінің авторы, өзінің әріптесі Светлана Владимировна Дидаренконың шақыруымен Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында сояны будандастыру әдістері бойынша оқудан өтті.
Бұл семинардың мақсаты республиканың солтүстік аймақтарында сояны өсіру, сондай-ақ осы дақылдың Ақмола облысының жағдайына төзімді жаңа сорттары туралы ақпараттандыру болды.
«Біз ҚазҰЕШжӨШҒЗИ -дағы әріптестеріміз ұйымдастырған семинарға қатысқанымызға өте қуаныштымыз. Семинар өте қызықты және мазмұнды болды. Светлана Владимировна бізге өзінің селекциялық және өндірістік егістерін көрсетті. Өзінің жасаған сорттары туралы айтты. Ол бірлесіп селекция жұмыстарын жүргізуді ұсынды », - деді А.И. Бараев ат. АШҒӨО-ның дәнді - бұршақ, жем азықтық, майлы және жармалы дақылдар бөлімінің бастығы Ошергина Ирина.

671 -рет қаралды