А.И. Бараев атындағы АШҒӨО жаздық жұмсақ бидай селекциясы зертханасының қызметкерлері дәнді дақылдарды жинауда


Жаңалықтар





А.И. Бараев атындағы АШҒӨО жаздық жұмсақ бидай селекциясы зертханасында дәнді дақылдарды жинауда. Қазіргі уақытта жұмсақ бидайдың 5 сорты бойынша 1-ші жылғы көбейту тәлімбақтары жиналды. Астықтың ылғалдылығы 12-14% құрайды, бұл тікелей оруға мүмкіндік береді, ал өнімділігі гектарына 15-тен 20 центнерге дейін ауытқуда. Сондай-ақ, WINTERSTEIGER Classic комбайнымен селекциялық тәлімбақтарды жинау жүргізілуде. Конкурстық және алдын ала сортсынау тәлімбақтарының болашағы бар линиялары жиналды. Орталықтың селекционер ғалымдары, вегетациялық кезеңнің құрғақ жағдайларына қарамастан үлгілердің көпшілігі жақсы көрсеткіштер беріп, өнімділік 15-тен 25 ц/га-ға дейінгі оң нәтижелерді қанағаттанушылықпен атап өтуде. 
скачать dle 12.0
537 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх