Ғылым және бизнес: А.И. Бараев атындағы АШҒӨО ғалымдары "Қос–Ел-Агро" ЖШС барды


Жаңалықтар


А.И.Бараев атындағыАШҒӨО ғалымдары Ақмола облысы Зеренді ауданындағы "Қос–Ел-Агро" ЖШС дала жұмыстарын ғылыми сүйемелдеуді жүзеге асыруда. 
Бұл серіктестік егіншілік мәдениетін жақсарту және рентабельді өндіріс үшін өңделетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын арттыру есебімен жүргізіледі.
Барлық мерзім кезінде бидай селекциясы бөлімінің меңгерушісі а.ш.ғ.к., А.Т. Бабкенов және ауыспалы егіс зертханасының меңгерушісі А. А. Қияс өз қызметкерлерімен "Қос-Ел-Агро" ЖШС мамандарына көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу, егіс алқаптарының құрылымы, егістіктерді күту, пестицидтерді таңдау, жинау жұмыстарын жүргізу, нақты шаруашылық жағдайларына бейімделген жаздық бидайдың үздік алғы дақылдары мен сорттарын таңдау бойынша консультациялық қызметтер көрсетеді.
Мұндай ынтымақтастықты ауылшаруашылық қызметінің перспективаларын кезең-кезеңімен есептейтін ауылшаруашылық кәсіпорындарының басшылары қабылдайды.
скачать dle 12.0
644 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх