ҚАТУ III- Нобель фестивалінің стратегиялық серіктесі болып бекітілді


Жаңалықтар

«Болашақ бүгінде: инновациялар ғасыры» үшінші Нобель фестивалі бүгін өз жұмысын бастады. С.Сейфуллин атындағы  ҚАТУ стратегиялық серіктес ретінде қатысады. ҚАТУ Басқарма төрағасы Қайрат Айтуғанов Nobel Fest қатысушыларына құттықтап арнайы сөз сөйледі.
Ол өз сөзінде;  ҚАТУ еліміздің жетекші агротехникалық зерттеу университеті ретінде бірнеше негізгі бағыттар бойынша ғылыми-инновациялық қызметті белсенді дамытып жатқанын атап өтті:
Бірінші – ағаш және бұта тұқымдас өскіндер мен өскіндердің жоғары тіршілігін қамтамасыз етудің тиімді технологияларын әзірлеу, олардың одан әрі өсуі мен дамуын жеделдету арқылы Қазақстан аумағындағы орман жамылғысын ұлғайту; ақпараттық жүйелерді құру арқылы табиғи және антропогендік қауіп-қатерлерді бақылау мен бағалаудың заманауи әдістері арқылы орман алқаптарының тозуын азайту, оларды өрттен қорғау. Қазақстанда орманды алқаптар жалпы аумақтың 4,6% алып жатыр, олардың ауданы 12,9 млн га, орман көміртегінің жалпы көлемі 718,3 млн тоннадан астам СО2 эквивалентінде. Орман жамылғысының 4,6%-дан 5%-ға дейін ұлғаюы ормандарда көміртегінің қосымша 2,9 млн тонна секвестрленуін қамтамасыз етеді. Бұл жұмыс Қазақстан Республикасы Президентінің алдағы 5 жылда Қазақстан аумағында 2 млрд ағаш отырғызу туралы жолдауы аясында Қазақ орман шаруашылығы институтымен бірлесіп жүргізілуде;
Екіншісі – топырақ құнарлығын сақтау және арттыру. Топырақты қорғайтын ауыл шаруашылығы технологияларын әзірлеу, жаңа органикалық тыңайтқыштар алу және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру кезінде көміртегі қосылыстарының ең аз эмиссиясын қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін әзірлеу мен зерттеулер жүргізілуде.
Үшінші – селекция процесінде биотехнологияның заманауи әдістерін қолдана отырып, биотикалық және абиотикалық стресс факторларына төзімді жаңа сорттар мен будандар жасау арқылы ауыл шаруашылығы дақылдарының негізгі түрлерінің өнімділігін арттыру;
Төртінші – өсімдіктердің жай-күйіне, өсуіне және дамуына ауқымды мониторинг жүргізу үшін, оның ішінде геоақпараттық технологияларды және жерді қашықтықтан зондтауды қолдану арқылы ауыл шаруашылығы жаңа технологиялық бағытта дамуының алғышартын құру. Табиғи-климаттық жағдайлар мен олардың өзгерістерін ескере отырып, ситуациялық талдаудың, кешенді модельдеудің, сондай-ақ өнімділік болжамдарын қалыптастырудың жаңа тәсілдері енгізілуде;
Бесінші – энергетика саласында жасыл технологияларды пайдалану. Осы жерде айта кететін жайт, Қазақстан әлемдегі парниктік газдар шығаратын ең ірі көздерінің бірі болып табылады және бұл бағытта 30 елдің қатарына кіреді. Эмиссия қарқындылығы ЖІӨ-нің 1000 доллармен есептегенде  0,57 тоннасын құрайды. Бұл ретте елдегі барлық түзілетін газдар шығарудың 82%-ы негізінен энергия өндірумен байланысты.
-Осыған орай, ҚАТУ көмірсутекті отынды жағудың аз шығарындылары бар технологияларын және жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың тиімді технологияларын әзірлеу бойынша белсенді зерттеулер жүргізуде. Тұтастай алғанда, ҚАТУ-дың ғылыми, инновациялық және академиялық қызметі жаһандық ауқымдағы мәселелер мен сын-қатерлерге қатысты мәселелерді шешуге бағытталған. – деп түйіндеді өз сөзін Басқарма төрағасы Қ.Айтуғанов.
 Бір пікірталас алаңында Нобель сыйлығының лауреаттары, беделді ғылыми серпіліс сыйлығының иегерлері, ірі корпорациялар мен халықаралық ұйымдардың басшылары, «Инновациялар дәуірі», «Жасыл әлем шынайылығы»,  «Инновациялар дәуірі», «Ғылым мен білім көкжиегі», «Болашақтың білімі мен кәсіптері», «Адам  үшін экономика»  сынды негізгі бағыттар бойынша жетекші отандық және шетелдік сарапшыларды жиналды.
2021 жылғы 26 қазан мен 29 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласынан онлайн трансляция форматында өтетін шараның ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Н.Ә. Назарбаева Елбасы кітапханасы, G-Global халықаралық хатшылығы және Инклюзивті даму қоры болып отыр.
Фестиваль аясында қазіргі заманның өзекті мәселелеріне арналған 30 панельдік сессия болады. «Жасыл шындық» орталық секцияларының бірінде Орталық Азия ректорларының «Орталық Азия мен Кавказдық университеттер әлемдік білім картасына қалай орналаса алады?» атты дөңгелек үстелі отырысы өтеді. Қатысушылар келесі сұрақтарды талқылайды: Орталық Азия  университеттері халықаралық деңгейде қаншалықты бәсекеге қабілетті; халықаралық рейтингтер мен аккредитацияның маңыздылығы; бұған қол жеткізу үшін университеттер не істей алады; шетелдік жоғары оқу орындарының озық тәжірибесін енгізуді ескере отырып, оқу жоспарларын өзгерту, ендігі жерде университеттер дарынды студенттерді қалай тартады және ұстайды, деген сауалдар төңірегінде жан-жақты сөз қозғалады деп күтілуде.
Дереккөзі: https://kazatu.edu.kz/kk/news/KATU-III--Nobel-festivalenen-strategiyalik-serektese-bolip-beketelde-9890.htmlскачать dle 12.0
415 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх