Қарқынды егіншілік пен селекция жетістіктері: ғалымдар тәжірибесімен бөлісті
Жаңалықтар
2021 жылғы қарашада А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында «Абиотикалық және биотикалық күйзелістерге қарсы тұру үшін қарқынды егіншілік және ауылшаруашылық өсімдіктерін іріктеу» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының құрылғанына 65 жыл толуына арналды.
Биыл халықаралық конференцияда ғылыми-зерттеу институты және Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындары мен жоғары оқу орындарынан, алыс-жақын шетелден 150-ден астам баяндама келіп түсті.
Конференция жұмысы екі секцияда құрылды. Бірінші секцияда – «Егіншілік, өсімдіктерді қорғау, экология және жем-шөп өндірісі», екінші секцияда – «Абиострессорларға төзімді ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің селекциясы» тақырыптары қаралды. Спикерлер өз сөздерінде климаттың жаһандық өзгеруі жағдайында ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру бойынша көпжылдық зерттеулердің нәтижелерімен бөлісті, АӨК салаларында цифрлық технологиялар элементтерін қалай енгізетінін және жаңа перспективалы сұрыптарын қалай шығаратынын айтты.
Мысалы, А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының ғалымдары «Шортанды 95 жақсартылған», «Астана», «Асыл сапа» бидай сұрыптары үлгісінде жұмсақ жаздық бидайдыңсапасы бойынша үздік сұрыптарына жүргізілген бағалау туралы айтып берді.
Қазақстандық бидайды импорттаушы-елдер бидайдың наубайханалық жоғары сипаттарын беру үшін дәстүрлі түрде пайдаланылып келеді. Сондықтан Солтүстік Қазақстан жағдайында жаздық жұмсақ бидайдың селекциясы жоғары технологиялық көрсеткіштері бар сұрыптар, жақсартқыш сұрыптарды шығаруға бағытталған, дейді ғалымдар.
Кеңес одағы кезінде нан пісірілетін бидайдың жіктемесі қабылданды. Дәнге қойылатын талаптардан басқа, бұл жерде ұн сапасы, қамырдың реологиялық қасиеттері, нан пісірудің сынамалы зертханалық нәтижелері тексеріледі. Бүгінде селекционерлер осы жүйеге сүйенеді.
Сарапшылар 10 жылдық зерттеулердегі сапа деректерін зерттеп, бидай табиғаты мен 1000 дәннің массасы бойынша «Шортанды 95 жақсартылған» сұрыбының артықшылығын анықтады.«Астана» және «Асыл сапа» сұрыптары орташа және аз салмағы бар дәнді қалыптастырды (31,8– 31,5 г), дән құрамында ақуыз (16,73 және 16,27%) бен жасұнық (сәйкесінше 36,1 и 33,1%) мөлшері басым. Реологиялық қасиеттері бойынша «Асыл сапа» сұрыбы басым түсті. Нанның жақсы сипаттамалары және орташа наубайханалық бағасы 4.3 және 4,4 балды құрап, «Шортанды 95 жақсартылған» және «Асыл сапа» сұрыптары ерекшеленді.
Шығыс Қазақстан облысындағы «Майлы дақылдардың тәжірибе шаруашылығы» ЖШС ғалымдары сояның селекциялық жетістіктері туралы айтты. Қазақстан жыл сайын соя алқаптарын кеңейтіп келеді. Егер 2011 жылы дақыл егістіктері 71 мың гектарды құраған болса, 2021 жылы егістік алқаптары 200 мың гектарға жетті. Алайда өнімділіктің орташа деңгейі 2,0 т/гектардан аспай тұр. Бұл жайтты селекционерлер растап отыр. Мұндай нашар көрсеткіш себептерінің бірі – өндірісте өсіру аймағының нақты топырақ-климаттық жағдайларына сәйкес келмейтін сұрыптарды қолдану, деп атайды ғалымдар.
«Майлы дақылдардың тәжірибе шаруашылығы» ЖШС селекционерлері тез пісетін сояның жоғары өнімді екі сұрыбын шығарды. Бұл сұрыптар Қазақстанның солтүстік және шығыс облыстарында өсіруге қолайлы. Тез пісетін, вегетациялық кезеңі 90-98 тәулікті құрайтын «Нұр плюс» және «Отан плюс» сұрыптары Шығыс Қазақстан облысы жағдайында сұрыптар 2,0-2,9 т/га жоғары тұқым өнімділігін құрайды.
Бұдан басқа жаңа сұрыптағы соя ауруларға төзімді, жатып қалу, бұршақтардың жарылып қалуына төзімді. Екі жаңа сұрып 2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Селекциялық жетістіктерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілді.
Ғалымдардың айтуынша, олар сояның жаңа өнімді сұрыптарын одан әрі селекциялау үшін бастапқы материалды құру жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Конференция қорытындысы бойынша А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы материалдар жинағын шығарды. Онда инновациялық технологияларды әзірлеу, өсімдік шаруашылығын дамыту, өсімдіктерді қорғау, мәдени өсімдіктердің жаңа сұрыптарын шығару, ғылымның өндіріспен өзара іс-қимылы мәселелері бойынша зерттеулердің нәтижелері ұсынылған.
Дереккөзі: https://agrobilim.kz/news_item/dostizhenija-intensivnogo-zemledelija-i-selektsii-uchenie-deljatsja-opitom

1 702 -рет қаралды