А.И. Бараев атындағы АШҒӨО ғалымдары ғылыми зерттеулердің қорытындыларын талқылады


Жаңалықтар

11 қазанда А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ҒӨО Ғылыми кеңесінің отырысы өтті, онда бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру іс-шаралары бойынша 2021-2023 жж. ҒТП қорытынды есептері тыңдалып, талқыланды.


"Солтүстік Қазақстан жағдайлары үшін жаздық жұмсақ бидайдың, қатты бидайдың, арпаның және сұлының бәсекеге қабілетті, өнімді, жоғары сапалы астық сорттарының селекциясы" есебінің презентациясын жаздық жұмсақ бидайдың селекциясы зертханасының меңгерушісі Е.К. Каиржанов ұсынды.


Көпжылдық шөптердің селекциясы бөлімінің меңгерушісі Н.И. Филиппова "Жоғары өнімді, қоршаған ортаның стресс факторларына бейімделген сорттарын, дәнді және мал азықтық құмайының будандарының селекциясы" есебін ұсынды.


Басқарма Төрағасының ғылым жөніндегі орынбасары Ю.Ю. Долинный "Селекциялық бағдарламаларда мақсатты пайдалану үшін Солтүстік Қазақстанның дәнді, дәнді-бұршақ, жарма және мал азығы дақылдарының генетикалық ресурстарын толықтыру, зерделеу, сақтау және құжаттау" тақырыбы бойынша есеп ұсынды.


"Солтүстік Қазақстанның суармалы жерлерінде мал азығы дақылдарының жоғары өнімді агрофитоценоздарын қалыптастыру" тақырыбы бойынша есепті танаптық дақылдарының агротехникасы және өсімдік шаруашылығын әртараптандыру зертханасының меңгерушісі Н.К. Муханов баяндады.


Агрохимия және тыңайтқыштар зертханасының меңгерушісі Я.П. Наздрачев "Ресурстарды үнемдеу, цифрландыру және қара топырақтарының табиғи құнарлылығын қалпына келтіру үшін биологиялық өнімдерді қолдану принциптері негізінде органикалық егіншілік технологияларын әзірлеу" іс-шарасы бойынша баяндама жасады.


Дәнді-бұршақ дақылдарының селекциясы зертханасының меңгерушісі Е.А. Тен "Қазақстанның әртүрлі топырақ-климаттық аймақтарында оларды орнықты өндіру үшін өсімдіктердің биотехнологиясына, генетикасына, физиологиясына, биохимиясына қол жеткізу негізінде дәнді-бұршақ дақылдардың жоғары өнімді сорттары мен будандарын құру" тақырыпта есебін баяндады.


Үш жылдық кезеңдегі ҒТП-ны орындау қорытындыларын қорытындылай келе, Басқарма Төрағасының ғылым жөніндегі орынбасары Ю.Ю. Долинный ғылыми зерттеулердің алынған нәтижелері ауыл шаруашылығының дамуына үлкен үлес қосатынын атап өтті.

скачать dle 12.0
3 211 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх