А.И. Бараев атындағы АШҒӨО селекционер-ғалымдары Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының өсімдік ресурстарын зерттеу және жинау бойынша экспедициясын белгіледі


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

2021-2023 жылдарға арналған ҒТБ бойынша тапсырманы орындау мақсатында "Солтүстік Қазақстан жағдайында селекциялық бағдарламаларда пайдалану үшін дәнді, дәнді-жемдік, жарма, майлы, дәнді-бұршақты және жемдік дақылдардың генетикалық ресурстарын жұмылдыру " іс-шарасы және 2022 жылға арналған бекітілген күнтізбелік жоспар мен жұмыс бағдарламасы бойынша "селекциялық процесті қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің генетикалық ресурстарын сақтауды, толықтыруды, өсімін молайтуды және тиімді пайдалануды зерделеу және қамтамасыз ету" Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының өсімдік ресурстарын зерттеу және жинау бойынша экспедиция жүргізілуде.

Алты адамнан тұратын: жасақ жетекшісі Филиппова Н. И. - көпжылдық шөптер селекциясы бөлімінің меңгерушісі; герболог, көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер селекциясы зертханасының меңгерушісі Парсаев Е.И.; Қосалқы персонал үш зертханашы көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер селекциясы зертханасының және көпжылдық астық тұқымдас шөптердің селекциясы зертханасының зертханашылары мен жүргізушіден тұратын жасақ құрылды. Экспедиция мерзімі – 2022 жылдың 23 тамызы мен 5 қыркүйегі аралығында 14 күнтізбелік күн.

Маршрут келесі елді мекендер арқылы өтеді: Научный –Шортанды ауданы (Бектау, Новокубанка және т. б.) - Шортанды-Ақкөл– Журавлевка – Макинск – Щучинск - Зеренді-Көкшетау – Петропавл - Мамлютка – Петропавл - Соколовка - Петропавл – Явленка - Саумалкөл – Көкшетау - Атбасар - Нұр– сұлтан – Шортанды .Маршруттың шамамен ұзындығы 1500-1700 км құрайды.

скачать dle 12.0
503 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх