А.И.Бараев атындағы АШҒӨО ғалымдары мықты мал азық базасын құру бойынша үлкен жұмыс жүргізуде


Жаңалықтар





А.И.Бараев атындағы АШҒӨО-ның 65 жылдығына

Қазіргі уақытта көпжылдық шөптер селекциясы бөліміне мынадай зертханалар кіреді: көпжылдық шөптердің гендік қоры зертханасы, көпжылдық астық тұқымдас шөптер селекциясы зертханасы, көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер селекциясы зертханасы, көпжылдық шөптердің бастапқы тұқым шаруашылығы тобы.

Көпжылдық шөптер селекциясы бөлімінің негізгі зерттеу бағыттары:

1. Көп жылдық мал азықтық шөптердің генетикалық ресурстарын интродукциялау, кешенді зерттеу, толықтыру, қалыптастыру және сақтау

2. Солтүстік Қазақстан жағдайлары үшін биотикалық және абиотикалық факторларға төзімді көп жылдық астық тұқымдас шөптердің: еркекшөп, қылтықсыз арпабас, қияқ, бидайық шөптерінің жоғары өнімді сорттарын жасау

3. Солтүстік Қазақстан жағдайлары үшін биотикалық және абиотикалық факторларға төзімді көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптердің: жоңышқа, эспарцет, сары және еділ түйежоңышының жоғары өнімді сорттарын жасау

4. Мемелекеттік сорт сынау және тұқым шаруашылығын дамыту мақсатында А.И. Бараев атындағы АШҒӨО селекциясының көпжылдық дәнді және бұршақты шөптерінің аудандастырылған және жаңа сорттарын көбейту.

А.И. Бараев атындағы АШҒӨО көпжылдық шөптер селекциясы бөлімінің селекционерлері көпжылдық шөптердің 10 түрінің 40-тан астам сорттарын жасады.

Қазіргі уақытта ҚР облыстары бойынша көпжылдық шөптердің 24 сорты аудандастырылды және өндіріске жіберілді, олар 10 түрдің 7 дақылын қамтиды: еркекшөп-Бурабай, Шортанды кең жолақты Шортандинский ширококолосый, Батыр; қылтықсыз арпабас – Лиманный, Акмолинский 91, Ишимский юбилейный, Акмолинский изумрудный; тік арпабас – Целиноградский юбилейный; бидайық – Кызыл Жар; тамырсыз бидайық – Колутонский (Арман); қияқ - Шортандинский, Фарадиз; жоңышқа - Райхан, Лазурная, Люция 14, Шортандинская; эспарцет - Фламинго, Шортандинский рубин, Шортандинский 83; еділ түйежоңышқа –Акбас, Барс, Қарлыбас;сары түйежоңышқа – Сарбас, Алтынбас.

7 сорт мемлекеттік сорт сынаудан өтуде: еркекшөптің Тан батыр, еділ түйежоңышқаның Ақ таң, қылтықсыз арпабастың Фермерский, бидайықтың Бриз, эспарцеттің Коралл және Уральский самоцвет, жоңышқаның Северо-Западная сорты.

Орталық Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының шаруашылықтарында жоғары репродукциялы тұқымдарды сату жолымен "А.И. Бараев атындағы АШҒӨО" ЖШС селекциясының көпжылдық шөптерінің жаңа буынының аудандастырылған сорттарын енгізуді жүргізеді.

Орталық Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының шаруашылықтарында жоғары репродукциялы тұқымдарды өткізу жолымен "А.И. Бараев атындағы АШҒӨО" ЖШС селекциясының көпжылдық шөптерінің жаңа буынының аудандастырылған сорттарын енгізуді жүргізеді.

Бұл үшін А.И. Бараев атындағы АШҒӨО - да 2005 жылдан бастап көп жылдық шөптердің өнімділігі жоғары сорттарының жоғары репродукциялы тұқымдарын өндіру ұйымдастырылды және жыл сайын осы мақсаттар үшін 500-700 га бөлінеді және 60-100 тонна көп жылдық және бір жылдық жемшөп дақылдарының тұқымдары өндіріледі.

АШҒӨО селекциясының шөп сорттарындағы егіс алаңдары Ақмола облысында 90%-дан астамын, Солтүстік Қазақстан облысында 50% - дан астамын құрайды.

Селекциялық материалды және көпжылдық шөптердің жаңа сорттарын жасау және зерттеу орталықтың селекциялық стационарында жүргізіледі.

Түрлі пісетін дақылдардың тұқымын жинау шілде айының ортасынан тамыз айының ортасына дейін жүргізіледі. Дала жағдайында ғылыми қызметкерлер перспективалы нөмірлер мен көпжылдық шөптердің аудандастырылған сорттарының тұқымдарын жинауды Винтерштайгер Классик және Дельта, Джон Дир комбайндары жүргізеді, содан кейін оларды МЕМСТ талаптарына дейін жеткізе отырып, дәндерді бастапқы және қайталама тазалау жүргізіледі. Бұдан әрі селекциялық үлгілердің, нөмірлердің және сорттардың тұқымдары сақтауға қойылады.

Солтүстік, Орталық, Шығыс Қазақстанның экспедицияларымен жиналған отандық және шетелдік селекцияның көпжылдық шөптерінің перспективті селекциялық нөмірлерінің сорттарының тұқымдары, жабайы өсетін популяциялар бөлімнің қоймасында сақталады.скачать dle 12.0
785 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх