Селекциялық тұқым үлгілерін жинау науқаны басталды


Жаңалықтар
Сонымен қоса "Бурабай" сорты жиналып жатыр.
А. И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының көпжылдық шөптер селекциясы бөлімі 24 шілдеден селекциялық тұқым үлгілерін және көпжылдық шөптердің сорттарын жинауды бастады.
Осы кезде тарлау қияқ, тік арпабас, еркекшөп, құм эспарцеті, түйежоңышқа тұқымдарының толық пісу мерзімі жеткен болатын.

Шілденің 24-нен 26-на дейінгі аралықта селекциялық тұқым үлгілері мен тарлау қияқ сорты, селекциялық кезең питомниктерінде, "Шортанды" және "Фарадиз" (2019 жылдан бастап аудандастырылған) тарлау қияқ аудандастырылған сорттардың, алдын ала және селекциялық көбею питомниктерінде, "Целиноградский юбилейный" тік арпабас, "Таң батыр" еркекшөбі, 2016 жылдан бастап зерттеліп жатқан селекциялық тұқым үлгілері мен сұрыптарын жинау жүргізілді.
Сонымен қоса "Бурабай" сорты жиналып жатыр.
Бүгін 29 шілдеден конкурстық сортты сынау питомнигінде сары және "Еділ" түйежоңышқасының селекциялық тұқымдары мен сорттарының үлгілерін жинау науқаны басталды.
скачать dle 12.0
1 431 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх