Көпжылдық шөптер селекциясы бөлімінің ғалымдары көпжылдық шөптер станционарларындағы топырақ қабатын жыртты


Жаңалықтар
Көпжылдықшөптер селекциясы бөлімінің станционарларында көпжылдық шөптердің топырақ қабаты жыртылды.
Топырақтың құнарлылығын арттыруда көпжылдық дәнді және бұршақ дәнді шөптердің рөлі зор. Себебі жыртылған соң топырақ органикамен толысады. Көпжылдық шөптердің әсерінен қуатты шым,топырақта жақсы қабат,өте тереңге көп көлемде органикалық қалдықтар түзіліп, анаэробтық жағдайлар пайда болады. Мұның барлығы құнарлылықтың биологиялық, агрофизикалық және химиялық көрсеткіштерін арттырып, топырақтың фитосанитарлық жағдайын жақсартып, алқаптың арамшөптерден тазартады.
Көпжылдық шөптер егістерінде қарашірік пен азот көлемі артады, демек, топырақтың құнарлылығы да артады. Бұл одан кейінгі жылдары егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының тұрақты өнімділігін арттыруға ықпал етеді.
скачать dle 12.0
1 209 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх