Әрқашан бізбен бірге болатын мереке


Жаңалықтар
Жыл сайын республикамызда қарашаның үшінші жексенбісінде ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі атап өтіледі. Өйткені, ауыл шаруашылығы еңбеккерлері, олар агрономдар, ғылыми қызметкерлер, зертханашылар, механизаторлар, жүргізушілер және бөлімшелердің қызметкерлерінің еңбегі таңнан кешке дейін, демалыссыз.
Ғылыми әзірлемелердің, ауыл шаруашылығы дақылдарының перспективалы элиталық сорттарын және инновациялық агротехникалық әдістерді енгізудің, Солтүстік Қазақстан өңірлерінің шаруашылықтарындағы өндірістік тәжірибелерді ғылыми сүйемелдеудің, көктемгі-күзгі танаптық жұмыстарын жүргізу жөніндегі ғалымдардың жыл сайынғы ұсынымдарының арқасында біздің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер лайықты өнім алады.
Біздің әлемдік ғылыми қоғамдастықта танымал астық шаруашылығы Орталығының жарты ғасырдан астам тарихы барлық фермерлердің басты мерекесіне тікелей байланысты.
Салтанатты іс-шарада Басқарма Төрағасы Савин Тимур Владимирович барлығын кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтай отырып,биылғы ауыл шаруашылығы жылы ауа-райының қолайсыз-климаттық жағдайларында өткенін, бірақ осының бәріне қарамастан ұжым өз міндеттерін орындағанын атап өтті.
Содан кейін ауыл шаруашылығы жылы бойы жұмысында ерекшеленгендердің барлығына алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті, оның ішінде жарма және жемазықтық дақылдардың селекциясы зертханасының аға ғылыми қызметкері Наталья Николаевна Слепкова, көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптердің селекциясы зертханасының аға ғылыми қызметкері Татьяна Михайловна Коберницкая, өсімдіктердің ауруларға қарсы иммунитеті зертханасының зертханашысы Татьяна Анатольевна Фром, өсімдіктердің ауруларға қарсы иммунитеті зертханасының зертханашысы, Череватенко Татьяна Александровна, көпжылдық астық тұқымдас шөптердің селекциясы зертханасының зертханашысы, жаздық бидайдың бастапқы тұқым шаруашылығы тобының жетекшісі Саянов Айдос Түгелбергенұлы, дәнді-бұршақ және майлы дақылдардың селекциясы зертханасының зертханашысы Куликова Галина Александровна, нақты егіншілік зертханасының жетекші ғылыми қызметкері Жанзаков Бахтияр Жетписпаевич, биологиялық егіншілік зертханасының аға зертханашысы Гладких Любовь Михайловна, биохимия және ауылшаруашылық дақылдарының сапасын технологиялық бағалау зертханасының ғылыми қызметкері Крадецкая Оксана Олеговна, топырақ-агрохимиялық зерттеулер зертханасының зертханашысы Рейхерт Татьяна Анатольевна, автогараж жүргізушісі Абильдин Аралбай Ахметкалиевич, өсімдік шаруашылығы және тұқым шаруашылығы бөлімінің аға зертханашысы Бондаренко Елена Владимировна, электр жабдықтары жөніндегі маман Брюхов Александр Романович, механизатор Вырыпаев Сергей Евгеньевич, есепке алу жөніндегі техник-маман Воротило Татьяна Владимировна, автогараж жүргізушісі Гавин Артур Анатольевич, механизатор Сергей Петрович Дорошкевич, механизатор Валерий Евгеньевич Логачев, жүргізуші Мадышев Оразбай Кабдулович, слесарь Махоткин Виктор Александрович, астық қырманының жұмысшысы Постников Виктор Анатольевич, астық қоймасының меңгерушісі Путинцева Надежда Олеговна, механизатор Рымбай Берікбол, D санатындағы жүргізуші Цукан Николай Гаврилович, механизатор Бавин Александр Александрович, автогараж жүргізушісі Скородумов Сергей Николаевич, тұқым тазалау желісінің аға операторы Николаев Александр Алексеевич.
Іс-шараның шарықтау шегі 2023 жылғы күзгі-дала жұмыстарының қорытындысы бойынша тамыз айының соңында жарияланған конкурстың нәтижелерін жариялау болды. Жүргізушілер "Үздік механизатор", "Үздік автогараж жүргізушісі", "Астық қырманының үздік қызметкері" номинациялары бойынша жеңімпаздардың есімдерін жариялады.
2023 жылғы егін жинау науқанының қорытындысы бойынша "Үздік механизатор" номинациясында 200 мың теңге сомасына құрметті ақшалай сертификат- Морозов Юрий Ивановичке, 2 орын үшін 150 мың теңге сомасына сертификат-Фитц Александр Эриховичке, 3 орын үшін 100 мың теңге сомасына ақшалай сертификат-Тлеушев Артур Туземовичке берілді. 2023 жылғы өндірістік жұмыстардың қорытындысы бойынша "Үздік автогараж жүргізушісі" номинациясы бойынша 1 орын үшін Терехин Сергей Анатольевичке 150 мың теңгеге құрметті ақшалай сертификат, 2 орын үшін 125 мың теңгеге құрметті ақшалай сертификат Боцан Олег Николаевичке берілді. 3 орын үшін 100 мың теңге сомасына ақшалай сертификат Өкмім Ерінбекке табысталды.
"Астық қырманының үздік қызметкері" номинациясы бойынша 1 орын иеленгені үшін 150 мың теңге сомасына құрметті ақшалай сертификатқа Ильияс Зикенович Мустакимов ие болды. Осы номинация бойынша 2 және 3 орын 150 және 125 мың теңге сомасындағы құрметті ақшалай сертификаттарға Рожков Юрий Викторович пен Соболев Сергей Юрьевич ие болды. Бұдан басқа, жұмыс комиссиясының конкурстан тыс шешімімен ЖШС дәнекерлеушісі Юрий Иванович Харитонов ұзақ мерзімді жемісті еңбегі үшін 100 000 теңге сомасына ақшалай сертификатпен марапатталды.
Өзінің адал күнделікті еңбегімен, техникаға ұқыпты қарауымен және еңбекқорлығымен ынталандыру хаттарымен және сертификаттармен белгіленген барлық қызметкерлер біздің орталықтың жетістіктерін көбейтеді және сол арқылы лайықты назар мен құрметке лайық. Орталық оларды мақтан тұтады.
Залда қатысушылардың жақсы көңіл-күйін Шортанды аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері одан әрі күшейтті, олар іс-шараға қатысушыларға мерекелік мен жағымды көңіл-күй сыйлады.
скачать dle 12.0
4 411 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх