Ғалым-селекционер Кузьмин Валентин Петровичтің 130 жылдығына
Жаңалықтар

Кузьмин Валентин Петрович (12.05.1893-05.08.1973) ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, Бүкілресейлік ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының және Қазақ КСР-нің академигі, Солтүстік Қазақстандағы селекционерлердің танымал ақсақалы, тың топырақ селекциясының патриархы. Қазақстанның солтүстігінде айтарлықтай аумақтарды алып жатқан көптеген ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын жасаушы, соғыс жылдарында өзінің әйгілі «Акмолинка 1» сорты мыңдаған адамдарды нанмен қамтамасыз етті. «Ақмолинка 1» сортының егістік көлемі 1959 жылы 3 миллион 445 мың гектарды құрады.


В.П. Кузьмин бір мезгілде 29 түрлі дақыл бойынша селекциялық жұмыс жүргізді. Селекция және будандастыру әдісімен ол жаздық жұмсақ және жаздық қатты бидайдың, күздік қара бидайдың, тары, қарақұмық, арпа, бұршақ, күнбағыс, зығыр, қарасора, арыш, картоп, жоңышқа, майлы көкнәр, таңқурай және т. б. жаңа сорттарын өсірді. Селекцияның теориялық негіздері, тың егіншіліктің ерекшеліктерін дамытудың бағыттары мен жолдары атты 100-ден астам ғылыми еңбектері, «Тың өңіріндегі дәнді дақылдардың селекциясы және тұқым шаруашылығы» монографиясы көптеген ғалымдар мен тәжірибелі мамандардың үстелдік кітабына айналды.


В.П. Кузьминнің жемісті еңбегі Үкімет тарапынан жоғары бағаланады. Екі Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, Қазақ Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен, Бүкілресейлік ауыл шаруашылығы көрмесінің екі Үлкен және Кіші Алтын медальдары, «Тың жерлерді игергені үшін» медалі, И.В. Мичуриннің мерейтойлық медалімен марапатталған. Ол мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Ленин орденімен, «Серп и Молот» алтын медалі және Социалистік Еңбек Ері жоғары атағымен марапатталған. В. Кузьминнің есімі Қазақстан тарихына мәңгілікке жазылды.
Дамса орта мектебі мен Ақмола облысы Научный кентінің басты көшелерінің бірі көрнекті ғалым-селекционер Валентин Петрович Кузьминнің есімімен аталады.
4 362 -рет қаралды