Ғалымдар жұмсақ бидайдың өнімділігі мен құрғақшылыққа төзімділігін арттырудың адаптивті тәсілдерін әзірледі


Жаңалықтар

Солтүстік және Орталық Қазақстанда климаттың күрт континентальды және құрғақ болуына байланысты астық өнімділігі өте төмен. Ылғал тапшылығы - жаздық бидайдың өнімділігін арттыруға бөгет болатын негізгі шектеуші фактор. Бұл өңірде жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері - 320-350 мм.

Солтүстік Қазақстанда өткен бес жылдың өзінде 2-3 рет құрғақшылық болды. Біріккен ұлттар ұйымы жанындағы даму бағдарламалары сарапшыларының дерегі бойынша Қазақстанда жаздық бидайдың өнімділігі 2030 жылға қарай 37%-ға дейін төмендейді және егістік алқаптары 81%-ға қысқарады.

Тікелей экономикалық шығын 2019 жылғы бағамен 456,93 млрд. теңгеге жететін болады. Ал Солтүстік Қазақстанның қуаңшылық жағдайларында жаздық жұмсақ бидайдың құрғақшылыққа төзімділігін математикалық модельдеуді пайдалана отырып арттыру оңтайлы агротехнологияларды таңдауды айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Осыған байланысты С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің ғалымы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Бекзат Өмірзақұлы Амантаевтың жетекшілігімен «Математикалық модельдеу негізінде орталық және Солтүстік Қазақстанның қуаңшылық жағдайларында жұмсақ бидайдың өнімділігі мен құрғақшылыққа төзімділігін арттырудың адаптивті тәсілдерін әзірлеу» атты ғылыми жоба жүзеге асырылды.

Зерттеу нәтижесінде маркерлерді (TaLTP, TaPARG, TaPPH) пайдалана отырып, жаздық жұмсақ бидай сұрыптарын генотиптеу нәтижесінде 2 бірдй сорттың («Таймас» - оригинаторы А.И. Бараев атындағы АШҒӨО, Қазақстан Республикасы; «Гранни» - оригинаторы Заатбау Линце Е Ген, Австралия) құрғақшылыққа төзімділік белгісінің жоғары екендігі анықталды.

Орталық Қазақстан жағдайында «Таймас» сортынан дақылға микроэлементтер пайдаланып, топырақты өңдегенде 27,98 ц/га, «Грании» сортынан 31,44 ц/га алынды.

Жаздық бидайдың өнімділігіне факторлардың әсерін дисперсиялық талдау көрсеткендей, сорттардың құрғақшылыққа төзімділік деңгейінің 54,15%-ы ауа-райына, 21,8%-ы сорттық ерекшелікке, 8,75%-ы микроэлементтермен өңдеуге және 5,3%-ы топырақты өсімдіктердің өсіп-даму кезеңінде өңдеуге байланысты болып шықты.
скачать dle 12.0
4 231 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх