А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығының ғалымдары селекциялық жетістікке патент алды


Жаңалықтар

  "А.И. Бараев атындағы АШ ҒӨО" ЖШС-нің селекционерғалымдары жаздық қатты бидайдың Дамсинская 20-17 сортын қатты бидайды(Саратовская 57/ Жемчужина Сибири) қарапайым жұптық будандастыру әдісімен алды, кейін F5-тен жеке іріктеу жүргізілді. Түршесіhordeiforme (гордеиформе). Масағы қылтықты, ашық қоңыр; қабыршағы орташа түсті, түкті емес. Масағы-пирамида тәрізді, жоғарыға қарай тарылған, тар, қысқа (7,0-9,0 см, қалыңдығы 1,0-1,1 см), борпылдақ (өзектің ұзындығы 9 см 16-19 буыннан артық). Қылтықтары жұқа, дөрекі емес, өте кішкентай тістермен жабылған, шашыраңқы, серпімді, ұзын, масақтан 1,5 есе ұзын. Далалы экологиялық түріне жатады. Дәндері янтарлы-сары, мөлдір, орташа мөлшерлі (1000 тұқымның орташа салмағы 40 г, ауытқуы 33-46 г), жартылай ұзартылған (4-5 мм). Айдары қысқа, астық қабығымен біріктірілген. Орташа мерзімде пісетін сорт. Стандартты Дамсинская 90 сортымен салыстырғанда, ауа-райына және алғы дақылға байланысты 2-4 тәулікке кеш піседі. Күн белсенділігі төмен, пісетін кезеңдегі бұлттылық кезінде масақ пен қылтықтардың ашық қоңыр түсі жетілу кезінде энергияның көбірек сіңуіне ықпал етеді.

 Сорт топырақ пен ауа құрғақшылығына төзімді. Жеткілікті ылғалдылық пен минералды қоректену жағдайында ол жоғары өнім береді. Сабақ татына төзімділігі стандартты деңгейде, тозаңды қара күйеге өте төзімді. 2015-2017 жылдардағы конкурстық сортты сынау питомнигінде әртүрлі агрофондарда зерттелген кезде жаңа сорттың астық өнімі орта есеппен 34,8 ц/га құрады, Дамсинская 90 – 29,4 ц/га болды. Бұл ретте қорғаныс орман белдеулері аясында 2016 жылы астық өнімі 32,3 ц/га, стандартты сортта 29,1 ц/га құрады. Сондай-ақ, жаңа сорттың жатып қалуға төзімділігі жоғары екендігі атап өтіледі. 2017 жылғы өндірістік сорттық сынақта астық өнімділігі - 24,8 цга құрады, Дамсинская 90 стандартында – 20,7 ц/га деңгейінде болды. Бұл ретте жаңа сорттың толық пісуі 2-4 тәуліктен кейін байқалды. Солтүстік Қазақстан облысы жағдайында 2018 жылғы экологиялық сорттық сынақта Дамсинская 90 стандартының өнімділігі 35,4 ц/га болған кезде, сорт 43,5 ц/га астық өнімділігін қалыптастырды. Стандартты пісу деңгейінде. Дәннің шынылығы 94% дейін, натуралық салмағы жоғары - 820 г/л, құрамындағы клейковина мен шикі протеиннің тұрақты мөлшерімен ерекшеленеді. Макаронның түсі мен жалпы бағасы стандарттан асып түседі.

  Дамсинская 20-17 жаздық қатты бидай сорты астық сапасы бойынша бағалы сорттар тізіміне енгізілген және Қазақстанның солтүстік облыстарында пайдалануға рұқсат етілген.

скачать dle 12.0
3 179 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх