Қоғамдағы тұрақтылық пен үйлесімділік


Жаңалықтар

  Бүгін конфессияаралық келісім мен этносаралық қатынастарды нығайту жөніндегі Республикалық жоспарды іске асыру аясында Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының өкілдері «А. И. Бараев атындағы АШҒӨО» қызметкерлерімен кездесу өткізді.

  Облыстық ІІБ жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары А.Б. Нұрмағанова кездесуге қатысушылармен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі әзірлеген Қазақстандағы араздық тілін еңсеру үшін Әдеп кодексінің нормаларын талқылады. Сондай-ақ республикадағы аумақтық тұтастық және тіл саясаты тақырыбын қозғады.

  Кәсіби медиатор, Ақмола ҚХА медиация кеңесінің төрағасы Г. С. Мадиева түрлі этникалық топтардың өкілдері арасында жанжалдардың туындау себептері және олардың салдары туралы ақпаратпен бөлісті.

  Жобалар бөлімінің басшысы А. Б. Сванкулова этносаралық шиеленіс мәселелерін шешу алгоритмі және әртүрлі әлеуметтік топтармен уақтылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңыздылығы туралы айтып берді.

  Кездесу диалог форматында өтті, онда әркім өздеріне қызықтырған сұрақтарын қойып, спикерлерден құзыретті жауаптар алуға мүмкіндік алды.

скачать dle 12.0
3 670 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх