АШҒӨО-да қызметкерлерге вакцина салу жүргізілді
Жаңалықтар
Бүгін А.И. Бараев атындағы АШҒӨО еңбек ұжымында басшылық кәсіподақ комитетімен бірлесіп Шортанды аудандық ауруханасының АМСК жөніндегі бас дәрігерінің орынбасары Р.Б. Иманбаеваның басшылығымен көшпелі мобильді егу бригадасының үйлесімді кәсіби қызметінің арқасында қызметкерлерді коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастырды. Вакцинация басталғанға дейін ол қызметкерлерге елдегі және аймақтардағы, атап айтқанда,Ақмола мен біздің аудандағы қазіргі күрделі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы,сондай-ақ пандемия кезінде әр тұрғынның сақтық шараларын сақтау қажеттілігі және ковидті инфекцияны жұқтырудың алдын алу үшін қорғаудың бір түрі ретінде вакцинацияның маңыздылығы туралы ақпарат берді. Осыдан кейін медицина қызметкерлері «Спутник V» вакцинасын егу бойынша барлық қажетті рәсімдерді жүргізді.
Орталықтың басшылығы басқарма төрағасы Н.А. Серекпаев, Төрағаның ғылым жөніндегі орынбасары Г.Ж.Стыбаев, бас ғалым хатшы Г.Н. Чуркина және басқа да бөлім басшылары болып жоғарыда аталған вакцинаны алуға қатысып жеке үлгісін көрсетті.
А.И. Бараеватындағы АШҒӨО баспасөз орталығы
586 -рет қаралды