А.И. Бараев атындағы АШҒӨО ғалымдары Ақмола облысының фермерлеріне көктемгі дала жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері бойынша ұсынымдар әзірледі


Жаңалықтар

    2024 жылы Ақмола облысының шаруашылықтарында көктемгі дала жұмыстарын жүргізу бойынша А. И. Бараев атындағы АШҒӨО ғалымдарының тәжірибелік ұсынымдарында ауа райы жағдайларының ерекшеліктері және танаптық технологиялық жұмыстарды жүргізудің ықтимал сценарийлері ұсынылған. Елдің топырақ-климаттық аймақтары бойынша пайдаланылған егістіктің құрылымын жетілдіру, егістіктерді әртараптандыру, ылғалды сақтау және тиімді пайдалану, топырақты эрозиядан қорғау, себуге тұқым материалын дайындау, агротехника элементтері (себу тәсілдері, мерзімдері мен мөлшері), минералды тыңайтқыштарды, дәнді, дәнді-бұршақ, жемазықтық, майлы, бір жылдық және көпжылдық мал азықтық шөптері өсіру кезінде өсімдіктерді қорғау құралдарын қолдану жөніндегі іс-шаралар қаралды. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу кезінде нақты егіншілік жүйесінің элементтерін қолдану ерекшеліктері қарастырылған. Отандық селекцияның ауылшаруашылық дақылдарының сорттары мен будандары ұсынылған.

  Практикалық ұсынымдар Ақмола облысының ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшыларына, мамандарына, фермерлер мен механизаторларына арналған. Ұсыным орталықтың ресми сайты baraev.kz орналастырылған.


скачать dle 12.0
2 598 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх