С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ студенттері А.И. Бараев атындағы АШҒӨО оқу тәжірибесінен өтуде


Жаңалықтар

  Жыл сайын ЖОО мен ғылыми кәсіпорынның тығыз ынтымақтастығы аясында С. Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ студенттері алған теориялық білімдерін бекіту және өз бетінше жұмыс істеу үшін қажетті тәжірибелік дағдыларды игеру мақсатында біздің орталықта оқу тәжірибесінен өтеді. Тәжірибеден өту студенттердің қажетті кәсіби дағдыларынқалыптастыру құралы болып табылатын оқу процесінің ажырамас құрамдас бөлігі бола отырып, теория мен тәжірибені үздіксіз интеграциялау принципін дәйекті түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

  Оқу жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айлары аралығында энтомология пәндері бойынша «Фитосанитариялық қауіпсіздік» білім беру бағдарламасының 1 курс, «Агротехнология» білім беру бағдарламасының 1 және 2 курс студенттері оқу тәжірибесінен өтті.

  Студенттер үшін ссімдіктерді қорғау зертханасының меңгерушісі, А.С. Кочоровтың басшылығымен өсімдіктерді қорғау зертханасының қызметкерлері PhD докторлары Е. А. Утельбаев, Б. Б. Базарбаев, а. ш.ғ. магистрі В. Н. Давыдова және кіші ғылыми қызметкер А.Погосян оқу жоспары бойынша презентациялар, зертханалық және танаптық жұмыстарды көрсету, сондай-ақ оларды ауылшаруашылық техникасымен таныстыру жұмыстары ұйымдастырды.

скачать dle 12.0
2 045 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх