Бидайдан биоэтанол мен крахмал өндіретін зауыт іске қосылды
Жаңалықтар
Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың қатысуымен биоэтанол, крахмал және желімтік өндіретін зауыт iске қосылды.
«Bio operations» зауыты бүтін елiмiз үшiн стратегиялық маңызға ие өндiрiс ошағы. Жалпы инвестиция көлемi - 11 миллиард теңге. Кәсiпорын жылына 300 мың тонна бидайды өңдей алады. Өндiрiске тек жергiлiктi шикiзат қолданылады.
«Әлемде мұндай бірнеше зауыт қана бар. Мұнда 400 адам жұмыс iстейтiн болады және олардың барлығы жергiлiктi тұрғындар. 50 мың басқа шақталған шошқа кешенi де жұмысын жаңғыртты. Жуық арада Орталық Азиядағы теңдесi жоқ ет комбинаты да iске қосылады. Комбинаттың қуаттылығы - 15 мың тонна ет. Болашақта жұмыспен 1 мың адам қамтылмақ. Бюджетке жылына 100 миллион теңге салық түседi», - дедi Құмар Ақсақалов.
Бүгiн зауытта крахмал мен желiмтiк шығаратын цех iске қосылды. Келесi жылы онда биоэтанол өндiріле бастайды. Биоэтанол бензиннiң октан санын көбейтiп, экологиялық таза қылады. Қазiр елiмiздiң мұнай өңдеу зауыттарымен биоэтанолды жеткiзу бойынша келiссөздер жүргiзiлуде. Отандық мұнай зауыттарының Еуро-5 бензинiн шығаруға көшкенiн ескерсек, отандық биоэтанолға сұраныс жоғары болады.
1 697 -рет қаралды