Пресс-релиз


Жаңалықтар

Дала күні 2024 жылы 26 шілде сағат 10:00-13:00


А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы

Дала күнін өткізеді


Климаттың өзгеруі жағдайында тұрақты астық өндірісі




Ұйымдастырушылар:

Ауыл шаруашылығы министрлігі

«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ

"А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС


Биылғы жылы ғалымдар ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру технологияларын климаттың өзгеру жағдайларына бейімдеу бойынша көпжылдық зерттеулердің нәтижелерін, отандық және шетелдік селекцияның сыналған дәнді дақылдарының жаңа сорттарын көрсетеді.


Іскерлік бөлім:

1. Іс-шараны ұйымдастырушылардың құттықтау сөзі;

2. Ғылыми-техникалық бағдарламалар жобаларының нәтижелерін таныстыру


Танаптық тур:

1. Ағымдағы жылдың құрғақ жағдайында әртүрлі егіншілік жүйелерінің агротехнологияларын (қарқындылығы әртүрлі дәрежеде) қолдану бойынша тәжірибелік стационарларды көрсету

2. Селекциялық питомниктер мен ауыл шаруашылығы дақылдарыныңжаңа бейімделгенсорттары егістіктерінің бастапқы тұқым шаруашылығының питомнигін көрсету


Іс-шараға технологиялық мәселелер және тұқым шаруашылығы бойынша кеңес беру үшін сарапшылар қатысады

Қатысушылар: Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері, ауыл шаруашылығы бейініндегі ғылыми ұйымдар, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, отандық және шетелдік агрофирмалар мен компаниялардың мамандары


Өтетін орны: Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Научный кенті,

"А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ҒӨО" ЖШС демонстрациялық танабы

скачать dle 12.0
2 339 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх