Бельцы ғалымы Боинчан Борис А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы орталығында болды


Жаңалықтар

  Бүгін А. И. Бараев атындағы астық шаруашылығы орталығында ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (Молдова), халықаралық сарапшы Боинчан Борис және ауыл шаруашылығы саласындағы қазақстандық сарапшы Павлов Кирилл болды. Басқарма Төрағасы Тимур Савин «А. И. Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС мүмкіндіктерімен және оның даму перспективаларымен таныстырды. Жұмыс сапары барысында шетелдік әріптес Б. Боинчан ғылыми ақпарат және тәжірибе алмасу үшін Орталық ғалымдарымен кездесті. Бұған дейін ол Солтүстік Қазақстан облысының Мамлютка қаласында органикалық заттар бойынша халықаралық конференция бағдарламасы аясында жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен осындай кездесулер өткізді. Атақты ғалым, халықаралық сарапшы Б. Боинчан жаһандық жылыну және топырақ құнарлылығының күрт төмендеуі жағдайында ауыл шаруашылығы әдістеріне қатысты өзінің ғылыми көзқарастарымен бөлісті, сондай-ақ бүгінгі уақыттың сын-қатерлерін ескере отырып, саладағы басқа да проблемалық мәселелерді қозғады. Кездесуге қатысқан Орталық ғалымдары Заболотских Владимир, Каиржанов Елжас, Тен Евгений және Ошергина Ирина құнды ақпарат үшін зор алғыстарын білдіріп, мақсатты өңірлерде ғылымды практикаға енгізу тәжірибелерімен бөлісті. Содан кейін танаптық тәжірибелік учаскелерге барып, пікір алмасу жалғасты. Кездесу соңында шетелдік әріптес Боинчан Борис өз кезегінде жылы қабылдағаны үшін ризашылығын білдіріп, белсенді ынтымақтастыққа шақырды.

скачать dle 12.0
2 620 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх