АШҒӨО ғалымдары ғылыми жобаларды жүзеге асыруда


Жаңалықтар

«А. И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС 217 бюджеттік бағдарлама бойынша 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру басымдығы бойынша: өмір және денсаулық туралы ғылым АР 23488044 «Жайылымдық тарлау қияқ (Psathyrostachys juncea) өсімдігіндегі жемшөп массадағы кремний құрамын селекциялық әдістермен және молекулалық маркерлермен азайту» жобасы іске асырылуда.


2024 жылы жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде биохимия және ауыл шаруашылығы дақылдарының сапасын технологиялық бағалау зертханасының ғалымдары жемшөп массасындағы кремний мөлшері бойынша тарлау қияқтың (Psathyrostachys juncea) генетикалық коллекциясына (70 үлгі) скрининг жүргізді. 1,04-1,89% кремний мөлшерінің төмендігімен сипатталатын 32 генотип анықталды. Жайылымдық массасында азот мөлшері 2,37%-дан 4,11%-ға дейін, фосфор 0,21-0,38%, магний-0,25-0,46%, калий-1,72-4,57%, шикі заттар-ақуыз 14,84%-25,71%, май-1,97% -3,87%, күл-8,10% -12,14%, клечатка-21,05%-28,03%, каротин-48,60-89,33 мг/кг, БЭВ-34,89% -46,04%, алмасу энергиясы 9,95-11,48 мДж, мал азықтық бірліктері-0,805-1,018 кг/кг. Қышқыл-детергентті клечатканың төмен көрсеткіштерімен (18,36%-19,90%)-4 аминқышқылдарының құрамы бойынша теңдестірілген 5 генотип оқшауланған. Гибридизация және поликросс питомниктері кремнийдің ең жақсы түрлерімен құрылды, жаңа будандар алынды. Жаңалық Psathyrostachys juncea кремний иондарының тасымалдануын бақылайтын Lsi1 және Lsi2 гендерінің биоинформатикалық талдауын жүргізуден және праймерлердің сериясын әзірлеуден тұрады: TaLsi2-F1R1seq, TaLsi2-F2R2seq және TaLsi2-F3R3seq. Секвендеу үшін Lsi2-3 °F және Lsi2-3R праймерлері пайдаланылды, зерттелетін үлгілердегі Lsi1 және Lsi1 гендерін талдау үшін Shortan-1 (w-13257) және Pi-406468-Bozoi-1 (w-13128) генотиптері арасында SNP оқшауланған. Бөлінген SNP негізінде тарлау қияқтағы зерттелетін гендердің генетикалық полиморфизмін талдау үшін TaLsi-ASQ типті молекулалық маркерлерді әзірлеу жұмыстары басталды.

Осы жоба шеңберінде молекулалық-генетикалық зерттеулерге арналған мынадай жабдықтарды сатып алу жүргізілді: салқындатуы бар М15R микроцентрифуга, Bio TDB-100 «Драй-блок» типті термостат, POWER SUPPLY қоректендіру көзі, айналмалы Гомогенизатор, ДНҚ алу алдында өсімдік үлгілерін ұнтақтау үшін қолмен 35 000 айн/мин TISSUERUPTOR II, сондай-ақ су монша шейкер QazLabPribor, үлгі дайындау үшін ASL-W30 моделі. Алынған деректерді өңдеу үшін Huawei MateBook D 16 MCLF-X (53013WXF) ноутбугы сатып алынды.

скачать dle 12.0
73 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх