ҚазАТЗУ-дың 6 ғылыми жобасы коммерцияландыру үшін гранттық қаржыландыру жеңіп алды
Жаңалықтар

2023 жылғы 1 маусым мен 10 шілде аралығында «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ Конкурс шеңберінде өтінімдерді қабылдауды жүзеге асырды.
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ 7 жоба, ал еншілес ұйымдар 5 жоба ұсынды, атап айтсақ, «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-3 жоба, «А.Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми зерттеу институты» ЖШС-1 жоба, «Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-1 жоба ұсынды.
Ұлттық ғылыми кеңестің «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру» бағыты бойынша отырысының қорытындысымен 76 жоба жеңімпаз болып анықталды, оның ішінде Университеттің 4 жобасы, сондай-ақ Университеттің еншілес ұйымының 2 жобасы жеңімпаз болып табылды.
С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ «Ғылым қоры» АҚ-на инновациялық қызметті дамыту саласындағы жемісті ынтымақтастық үшін үшін алғыс білдіреді және конкурс жеңімпаздарын, сондай-ақ Университеттің Кәсіпкерлік және коммерцияландыру департаментін құттықтайды!
Дереккөз: https://kazatu.edu.kz/kz/news/universitetimiz-sin-tagy-bir-kuanysty-habar
2 933 -рет қаралды