2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсты өткізу туралы хабарландыру


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті (бұдан әрі — Ғылым комитеті) ғылымды дамытудың басым бағыттары:

— Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология;

— Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар;

— Энергетика және машина жасау;

— Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;

— Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі;

— Өмір және денсаулық туралы ғылым;

— Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар;

— Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер;

— Білім және ғылым саласындағы зерттеулер;

— Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс бойынша 2023-2025 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды.

Конкурстық құжаттама Ғылым комитетінің (https://www.gov.kz/memleket/entities/science?lang=ru) және «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ (www.ncste.kz/ru/competition)  сайттарында орналастырылған.

Конкурстық құжаттама және өтінімді рәсімдеу жөнінде түсіндіру жұмысын жүзеге асыруға қатысты сұрақтар бойынша тел. 8 (717-27) 4-24-68, 74-20-29, 74-19-04, 74-25-88 қаржылық сұрақтар бойынша  тел. 8 (717-27) 4-27-64. Call center — 1450. Жұмыс уақыты: дүйсенбі — жұма, сағат 9:00–ден 18:30–ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13:00–ден 14:30–ға дейін.

Өтінімдерді тіркеу және ЖТН (жеке тіркеу нөмірі) алу үшін «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесімен (is.ncste.kz) жұмыс істеу бойынша Call center: 8-727-355-50-02 (ішкі нөмерлері 207, 208, 209, 210,211,213, 214, 215, 216, 217, 218, 219, 220, 221, 223, 224).  Жұмыс уақыты:  дүйсенбі — жұма, сағат 9:00–ден 18:30–ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13:00–ден 14:30–ға дейін.

Бағдарлама жетекшісі және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолымен расталған конкурстық өтінімдер Ғылым комитетіне электронды түрде «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі https://is.ncste.kz сілтеме арқылы беріледі.

Өтінімдерді қабылдаудың басталуы — 2023 жылғы 22маусым.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі — 2023 жылғы 24шілде (қоса алғанда).

 Конкурстық құжаттама


Материал сайттан алынды 

https://www.gov.kz/memleket/entities/science/press/news/details/577135?lang=kk




скачать dle 12.0
443 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх