Еншілес ұйымдар базаларындағы студенттер тәжірибесі


Жаңалықтар
Өткен аптада «Агрономия» және «Агроинженерия» білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттердің кәсіби практикалары аяқталды.

2020 жылдан бастап университеттің еншілес ұйымдары "А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС, "Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы" ЖШС және "Ә.Н. Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты" ЖШС практика базасы ретінде әрекет етеді.

Кәсіби практика барысында университет студенттері теориялық білімдерін бекітіп, тәжірибеде өз дағдыларын қалыптастырып, нақты жұмыс процесіне бейімделді. Сондай-ақ өндірістік жағдайда болған оқыс жағдайларларының шешімдерін табу жолдарын көре білді, кәсіби тәлімгермен өзара әрекеттесу тәжірибесіне ие болып, бастапқы кәсіби тәжірибені дамытып іс-әрекетте көрсете алды, таңдаған кәсібі бойынша қабілеттерін таныта білді.

Университет кәсіби практиканың алға қойылған мақсаттарын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін барлық еншілес ұйымдардың басшыларына В.В.Зайка, А.Н. Рахымжанов, Т.В. Савинге және осы ұйымдардың ұжымдарына алғысын білдіреді.
Практика өту барысында студенттерді жататын орындармен қамтамасыз етуге, тамақтандыру мәселесін шешуге, жұмыс орындарына бөліп тәлімгерлерді тағайындауға жоғары аталған кәсіп орындарынан бекітілген практика жетекшілері жауапты болды. Олар: Б.Қ.Ділдебаев – Басқарма төрағасының өндіріс және ғылым жөніндегі орынбасары ("Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы" ЖШС), С.Х. Касенова – академиялық қызметі бойынша маманы («А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС), В.Ю. Кириллов – басқарма төрағасының ғылым жөніндегі орынбасары ("Ә.Н. Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты" ЖШС).

Еншілес ұйымдар базаларында студент-практиканттардың жұмыс жасауы болашақта осы кәсіпорындарда жұмысқа орналастыру үшін жас кадрлар резервін құруға ықпал етеді.


Дереккөз: https://kazatu.edu.kz/kz/news/ensiles-jymdar-bazalaryndagy-studentter-tziribesiскачать dle 12.0
2 885 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх