Жұмысшы мамандықтар жылы: ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды


Жаңалықтар

Бүгін «А.И. Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС Басқарма Төрағасы Т.В. Савиннің басшылығымен бір топ ғалымдар Ақмола облысының Астраханка ауылында орналасқан агробизнес және сервис колледжіне барып, «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» және «Агрономия"мамандықтары бойынша студенттерге арналған оқу–өндірістік практиканы ұйымдастыру мәселелерінде колледж басшылығын қолдау мақсатында мекеменің қызметімен және оның оқу-өндірістік базасымен танысты. Бүгінгі таңда колледж басшылығы ауыл шаруашылығы мамандарын даярлау кезінде білім беру жоспарында өзінің ресурстық мүмкіндіктерін көтеру үшін ғылыми мекемемен ынтымақтастыққа тиісті қызығушылық танытуда.

Кездесу соңында білікті жұмысшы кадрларды даярлау сапасын арттыру және жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру саласындағы пікірлер мен мүдделерді ескере отырып, стратегиялық ынтымақтастықты іске асыру мақсатында «А. И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Басқарма Төрағасы Савин Тимур Владимирович және «Агробизнес және сервис колледжі» МКҚК директоры Путинцева Валентина Сергеевна ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Колледж мен ғылыми орталықтың өзара әрекеті оқу-өндірістік үдерісті жетілдіруге, біліктілікті жүйелі түрде арттыруға және оның сапалық жағынан байытылуына әсер етіп, «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыруда маңызды жолдау болмақ.


скачать dle 12.0
2 102 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх