Мереке құтты болсын!


Жаңалықтар


Құрметті арулар, әріптестер!

8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен және ықыласпен құттықтауымды қабыл алыңыздар! Бұл адамзаттың әдемі жартысының өкілдеріне құрмет көрсетілетін көктемнің ең жарқын және мейірімді мерекесі.

Еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің ғылыми әлеуетін дамытуға қосқан орасан зор үлесіңіз үшін баршаңызға шынайы алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер. Біздің Орталықта сіздер ғылым мен өндірістің сан алуан салаларында қызмет етіп, үлкен нәтижелерге қол жеткізудесіздер. Сіздер өмірдің барлық салаларына толық қатысумен қатар, сүйікті ана, мейірімді әже, отбасының сенімді және жанашыр қамқоршылары болып қала бересіздер және махаббаттың, сұлулық пен нәзіктіктің бейнесі болып табыласыздар. Жақындарыңыз бен туыстарыңызды мейірімділікпен, қамқорлықпен және жылулықпен қоршап, жақсы отбасылық дәстүрлерді сақтап, біздің ортақ үйімізде бейбітшілік пен келісімді сақтауға үлес қосасыздар. Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық тілеймін, отбасыларыңызда жақсылық пен амандық, махаббат, қуаныш пен бақыт орнасын!


Ізгі ниетпен, "А.И. Бараев атындағы АШҒӨО" ЖШС

Басқарма Төрағасы Савин Тимур Владимирович

скачать dle 12.0
360 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх