Наурыз мейрамы Научный кентінде тойланды


Жаңалықтар

Биыл Дамса ауылдық округінің тұрғындары Научный кентінде Наурыз мейрамын тойлады. Ерекше жылы ауа-райы мерекелік көңіл-күй сыйлап, аппақ киіз үйлер түрлі-түсті бояулармен жарқырап, жерлестер бір біріне жылы ықыластарын білдірді. Іс-шараға қатысушыларға аудан әкімі С. С. Шабаров пен «А. И. Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС Басқарма төрағасы Т. В. Савин жылы лебіздерін білдірді. Мереке бойы әуен тынбай, ән мен би бірінен соң бірі жалғасып, лотерея билеттері ойнатылып, спортсүйер қауымды қызықты жарыстар баурап алды.

А. И. Бараев атындағы АШҒӨО бөлімдерінің қызметкерлері киіз үйдің жанына үлкен мерекелік дастархан жайып, түрлі ұлттық мәдениеттердің аспаздық өнімдерінің алуан түрін ұсынды, бірден тәбетті палау, шырынды наурыз-көже және дәмді бауырсақ пен тәттілер қосылған хош иісті шай ішуді ұсынды. Бұл ретте киіз үйде ұлттық тағамдардың барлық түрлері қардай аппақ мерекелік дастархан шебер қойылып, көктемнің түрлі-түсті бояуларымен керемет безендірілді.

Көктемнің, табиғат пен рухтың жаңару мерекесі Наурыз-мейрамы жасай берсін!

скачать dle 12.0
235 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх