"А.И. Бараев атындағы АШҒӨО" ЖШС Басқарма Төрағасы Т.В. Савин Солтүстік Қазақстан облысының агрокеңесіне қатысты
Жаңалықтар

Бүгін «А.И. Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС Басқарма Төрағасы Савин Тимур Владимирович Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сейпілұлы Сапаровтың қатысуымен Солтүстік Қазақстан облысының агрокеңесіне қатысты, онда өңірде көктемгі егістік жұмыстарын дайындау мен жүргізудің негізгі аспектілері талқыланды. Кеңес жұмысына өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер және республиканың ғылыми қоғамдастықтары мен мүдделі салалық құрылымдарының өкілдері қатысты.
Т.В. Савиннің баяндамасы негізінде агрометеорологиялық деректерді талдау, ғылыми зерттеулердің нәтижелері және АШҒӨО ғалымдарының селекциялық материалымен жұмыс істеудің практикалық тәжірибесі ұсынылды.
Ағымдағы маусымның агрометеологиялық жағдайларын ескере отырып, ғалым фермерлердің назарын тұқым себу алдындағы дайындық қажеттілігіне, тұқымның себу сапасын анықтау, тұқымдық материалды залалсыздандыру, тұқымның сақталуы мен дайындалу жағдайларын бақылау бойынша зертханалық зерттеулер жүргізуге аударды.
Солтүстік Қазақстан жағдайында сорттарды таңдау мәселелерінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің назары сорттық құрамды оңтайландыру, ауа райы жағдайларын ескере отырып сорттарды таңдау, жергілікті отандық сорттарды, оның ішінде Солтүстік Қазақстанда сәтті бейімделетін АШҒӨО селекциясының перспективалы сорттарын қолдануды ескере отырып, өнімділікті арттыру үшін бидай сорттарының ұсынылатын құрылымы және практикалық ұсынымдар сияқты маңызды қағидаттарды ұстану қажеттігіне аударылды. Қорытындылай келе, ғалым фермерлердің назарын ағымдағы ауылшаруашылық жылының негізгі агрометеорологиялық, фитосанитарлық, топырақ, агрохимиялық, технологиялық және экономикалық тәуекелдеріне және 2025 жылы егін шығынын азайтуға және егіншіліктің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жоғарыда аталған тәуекелдерді азайту шараларына аударды.
Бүгінгі таңда фермерлер үшін тиімді жоспарлау және ғылыми ұсыныстарды пайдалану тәуекелдерді азайтуға және жоғары өнім алуға көмектесетінін түсіну маңызды.