Қазақстан халқының бірлігі күнімен!
Жаңалықтар

Құрметті әріптестер мен серіктестер!
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын! Бұл жарқын бірінші мамыр мерекесі біздің көпұлтты халқымыздың игі дәстүрлерін жалғастырып, достық, бірлік пен ынтымақтастықты білдіреді.
Дүниежүзілік қоғамдастық Қазақстанды өз аумағында тұратын барлық халықтардың мәдениеті, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына келісім мен құрмет орнаған, бірегей бейбітшілік сүйгіш мемлекет ретінде заңды түрде мойындады. Біз осы баға жетпес байлықты мақтан тұтып, қоғамымызда бірлік пен бірауыздылықты сақтау үшін бар күш-жігерімізді салуымыз керек.
Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, жаңа шығармашылық табыстар және Қазақстанымыздың гүлденуі жолындағы еңбектеріңізге зор табыс тілеймін.
Ізгі ниетпен, "А.И. Бараев атындағы АШҒӨО" ЖШС Басқарма Төрағасы Савин Тимур Владимирович
263 -рет қаралды