АШҒӨО-да 1 тамызда ғылыми-практикалық конференция өтеді
Жаңалықтар

«Солтүстік Қазақстандағы органикалық өндірістің өзекті бағыттары: тұқым шаруашылығы, технологиялар, қайта өңдеу» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция
📅 Өткізу күні: 2025 жылғы 1 тамыз
🕙 Басталу уақыты: 10:00
📍 Өтетін орны: «А. И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС,
Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Ғылыми ауылы
📢 Құрметті әріптестер!
Сіздерді «Солтүстік Қазақстандағы органикалық өндірістің өзекті бағыттары: тұқым шаруашылығы, технологиялар, қайта өңдеу» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз.
Конференцияның мақсаты: органикалық өндіріс саласындағы заманауи мәселелерді, даму перспективаларын және өзекті проблемаларды талқылау, тәжірибе алмасу.
👥 Қатысушылар
Конференцияға келесі тұлғалар шақырылады:
Ғалымдар
Органикалық өндіріс саласының сарапшылары
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер
Фермерлер
📚 Материалдар жарияланымы
Конференция материалдары мақалалар жинағы ретінде жарық көреді. Жинаққа УДК, ББК және ISBN индекстері беріледі.
Материалдарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 25 шілдеге дейін.
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын
Қатысу форматы: офлайн және онлайн
📝 Қатысу шарттары
Қатысу үшін келесілер қажет:
Қатысуға өтінім толтыру (Қосымша 1)
Ғылыми тезисті талаптарға сәйкес рәсімдеп жолдау (Қосымша 2)
📧 Материалдарды келесі e-mail мекенжайға жолдау қажет: org.barayev@mail.ru
Файл атауы: «Тегі Өтінім» және «Тегі Мақала»
📝 Ұйымдастыру жарнасы талап етілмейді.
Оргкомитет материалдардың мазмұнына сәйкес келуін, сапасын және ресімдеу ережелерінің сақталуын негізге ала отырып, мақалаларды жариялауға қабылдау/қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.
🖋 Мақала ресімдеу талаптары
Бұрын жарияланбаған материалдар қабылданады
Көлемі – 4 толық бетке дейін (А4)
Шрифт: Times New Roman / KZ Times New Roman, 12 pt, бір аралық
Жиектер: жоғары/төмен – 2 см, сол жақ – 3 см, оң жақ – 1,5 см
Тақырып – ортасына, бас әріппен, қалың
Автор – оң жақта, курсивпен
Ұйым – курсивпен
Негізгі мәтін – 2 интервалдан кейін, қызыл жолдан
Әдебиеттер – мәтін соңында, дереккөз ретімен, [квадрат жақшамен] белгіленеді
📍 Байланыс
Мекенжай: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Ғылыми ауылы, Бараев көшесі, 15
Телефон: +7 (71631) 2-31-16, +7 (71631) 2-30-29
Электронды пошта:
org.barayev@mail.ru