Астанада фермерлерге арналған тұқым көрмесі өтті
Жаңалықтар

Астанада тұқым шаруашылығының өзекті мәселелеріне арналған "Тұқым-2024" Тұқым күні" конференциясы өтті. "Тұқым-2024 Тұқым күні" қазақстандық конференция-контрактациясын жыл сайын өз алаңында мемлекеттік органдардың, салалық үкіметтік емес ұйымдардың, халықаралық қатысушылардың, сондай-ақ отандық селекционерлердің, тұқым шаруашылықтарының, тұқым сатушылардың және АШТӨ өкілдерін жинайды.
Іс-шараға тәжірибе алмасу, пікірталас және ынтымақтастықты дамыту үшін бірегей платформа құра отырып, ауыл шаруашылығы және тұқым шаруашылығы саласындағы жетекші сарапшылар мен мамандарды жиналды.
Конференцияның негізгі мақсаттары тұқым шаруашылығындағы соңғы үрдістерді зерттеу және талқылау, жоғары сапалы тұқым материалын өндірудің инновациялық тәсілдерін іздеу, сондай-ақ аграрлық дақылдардың сапасы мен тиімділігін арттыру болды.

Өз сөзінде "Ұлттық аграрлық-ғылыми-білім беру орталығы" КЕАҚ Басқарма Төрағасы Бауыржан Қасенов тұқым шаруашылығына және оның аграрлық секторды дамытудағы рөліне байланысты маңызды мәселелерді атап өтті. Ол тұқым өндірудің қолданыстағы технологиялары мен әдістерін жетілдіру қажеттігін атап өтті.

Сессия модераторы, "А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС Басқарма Төрағасы, б.ғ.к., Савин Тимур "Қазақстанның климаттық жағдайлары үшін бидай селекциясы"тақырыбында баяндама жасады.
Конференция аясында 2024 жылғы көктемгі танаптық жұмыстарында тұқым материалдары, тұқым шаруашылықтарының өнімдері және өсімдіктерді қорғау құралдары мен тыңайтқыштарды жеткізушілердің көрмесі ұйымдастырылды. ҚР АШМ рейтингінің нәтижелері бойынша Селекция және тұқым шаруашылығы саласындағы үздік жетістіктері үшін кәсіпорындарды марапаттау өтті. А.И Бараев атындағы АШҒӨО селекциясындағы ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттары "2023 жылдың ең көп таралған сорттарының оригинаторы" номинациясы бойынша марапатталды.

4 589 -рет қаралды