Қымбатты ардагерлер!


Жаңалықтар


Қарттар күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Сіздер – уақыт пен ұрпақтар арасындағы байланыстың жарқын үлгісісіздер. Арттарыңызда барша құрмет пен қадірге лайық, өмірден алынған мол тәжірибе мен даналық жатыр. Еліміздің өсіп-өркендеуіне адал еңбектеріңізбен және жасампаз істеріңізбен үлес қосып, ортақ шаңырағымыз – Қазақстандағы тұрақтылық пен татулықтың нығаюына септігіңізді тигізіп келесіздер.
Ұрпақтар сабақтастығы – қазақ қоғамының рухани-адамгершілік байлығының негізі болып қала беруде. Сондықтан да қазіргі заманда, жастардың бастамашылдығымен қатар, аға буынның өмірлік тәжірибесі мен даналығы аса маңызды.
Осы тамаша әрі шуақты мереке күні сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбіт өмір мен амандық тілеймін! Әр күндеріңіз сүйіспеншілік пен қамқорлықтың шуағына бөленсін!
Ізгі ниетпен,
Савин Тимур Владимирович,
"А.И. Бараев атындағы АШ ҒӨО" ЖШС Басқарма Төрағасыскачать dle 12.0
4 545 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх