Құрметті әріптестер мен серіктестер!


Жаңалықтар


Сіздерді Қазақстан Республикасының ең маңызды мерекелерінің бірі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл мереке – халқымыздың бірлігі мен ынтымағының, бейбітшілік пен келісімнің нышаны.

Біз еліміздің жеткен жетістіктерімен және әрқайсыңыздың оның дамуына қосқан үлестеріңізбен мақтанамыз.

Біздің Орталық уақыт сынын абыроймен еңсеріп, ұрпақтар сабақтастығын, ғылыми дәстүрлер мен академиялық рухты сақтап келеді.

Сіздердің еңбектеріңіздің, табандылықтарыңыздың, талантыңыз бен біліміңіздің арқасында бүгінде ұжымымыздың және еліміздің мақтанышы болып отырған жетістіктерге жеттік.

Бұл табыстар жаңа ізденістер мен зерттеулерге, еліміздің өркендеуі мен аграрлық ғылымның дамуына шабыт береді.

Туған жерге деген сүйіспеншілік бізді жаңа белестерге жетелесін!

Еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағаланып, өмірлеріңізде зор денсаулық, береке-бірлік пен мол бақыт серік болсын!

Бейбітшілік, келісім және жасампаздық – Республикамыздың жарқын болашағының берік негізі болсын!

Ізгі тілекпен,
Басқарма Төрағасы Савин Тимур Владимировичскачать dle 12.0
4 961 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх