BR 22885719 ҒТБ-ның орындалу барысына арналған үйлестіру кеңесі өтті
Жаңалықтар

2025 жылдың 29 қазан күні А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында Ғылыми техникалық бағдарлама BR 22885719 «Қазақстанның әртүрлі топырақ-климаттық аймақтары үшін өзгермелі климат жағдайында ауыл шаруашылығы өнімдерін рентабельді өндіру үшін тұрақты егіншілік жүйелерін құрастыру және енгізу» бойынша 2025 жылғы зерттеу жылының аралық есептерін тыңдаудың координациялық кеңесі өтті. Бағдарламаның мақсаты: Қазақстанның әртүрлі топырақ-климаттық аймақтары үшін табиғи ресурстарды, агроклиматтық әлеуетін тиімді пайдалану, егіншілік жүйелерін, су үнемдеу технологияларын, рентабельді экономикалық даму және экологиялық қауіпсіздік үшін цифрландыру құралдарын қарқындату негізінде ауыл шаруашылығы өнімдерін тұрақты өндіру.
Іс-шара 2025 жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындаудың нәтижелерін талқылауға, жүргізілетін жұмыстардың тиімділігін талдауға, сондай-ақ қарқынды егіншілік бағытында әдістемелер мен технологияларды одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге бағытталған.
Іс-шара 2025 жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындаудың нәтижелерін талқылауға, жүргізілетін жұмыстардың тиімділігін талдауға, сондай-ақ қарқынды егіншілік бағытында әдістемелер мен технологияларды одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге бағытталған.
Бағдарлама жетекшісі Утельбаев Ерлан Аманжолұлы кеңеске қатысушыларға құттықтау сөзін айта келе қазіргі таңда Ғылыми техникалық бағдарламаны іске асыруда ғылым мен өндірістің байланысының нығаюын, фермерлік шаруашылықтарға ғылыми сүйемелдеудің жүргізілу барысының қарқындылығын басып айтты.
Кеңес модераторы және бағдарламаның ғылыми координаторы Акшалов Канат Ашкейұлы 2025 жылғы ғылыми зерттеулердің орындалуы туралы нәтижелерді мазмұнды баяндап, 2026 жылға Бағдарлама зерттеулерінде алға қойылатын негізгі міндеттерді атап өтті. Ол қазіргі таңда климаттың өзгеруі заңдылықтарын ескере отырып, жаңа ауыл шаруашылығы дақылдарының бейімделуі мен оларды өсіруді негіздеуді қарастырып ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру технологиясын жетілдіру бойынша сұрақтардың өзектілігінің артқанын ескере кетті. Әрі қарай Ғылыми техникалық бағдарламаның нәтижелері бойынша 2025 жылғы есептерді тыңдау жалғасып, ғылыми іс-шара жетекшілері негізгі зерттеу нәтижелерін, күтілетін нәтижелердің орындалуы бойынша есептерін жасады.
Кеңес жүру барысында Қазақстанның аграрлық ғылым саласындағы жетекші ғалымдары Кененбаев С.Б., Сыдык Д.А., Оспанбаев Ж. жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулер әдістемесін тиімді жетілдіру бойынша ұсыныстарын жеткізді.
Координациялық кеңес қорытындысы бойынша бағдарлама жетекшісі Утельбаев Ерлан Аманжолұлы ағымдағы жылдың зерттеу жұмыстарының нәтижелерін түйіндей келе 2026 жылы бағдарламаның әрі қарай жемісті орындалуы бойынша тапсырмаларды, оның ішінде ғылыми ұсыныстар мен мақалалардың мерзімді жариялануы мен баспадан шығуын қадағалауды басып айтты.
4 468 -рет қаралды




















