А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында BR24892821 ғылыми-техникалық бағдарламасын іске асыру бойынша үйлестіру кеңесі өтті


Жаңалықтар


2025 жылғы 21 қазанда "А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында BR24892821 "Қазақстанның әртүрлі топырақ-климаттық аймақтарында өнімділік, сапа және стресске төзімділік әлеуетін арттыру үшін дәнді дақылдардың селекциясы және бастапқы тұқым шаруашылығы"ғылыми-техникалық бағдарламасы бойынша үйлестіру кеңесі өтті.
Іс-шара 2025 жылғы ғылыми-зерттеу жобаларын орындаудың аралық нәтижелерін талқылауға, жүргізілетін жұмыстардың тиімділігін талдауға, сондай-ақ дәнді дақылдардың селекциясы және тұқым шаруашылығы саласындағы әдістемелер мен технологияларды одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге бағытталған.
Қатысушыларға құттықтау сөзбен "А.И. Бараев атындағы АШҒӨО" ЖШС Басқарма Төрағасы Савин Тимур сөз сөйлеп, бағдарлама отандық дәнді дақылдар селекциясын дамытудың негізгі бағыттарының бірі болып табылатынын және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті:
"Бүгінде Қазақстанның ауыл шаруашылығының алдында өзгермелі климаттық жағдайларға бейімделу және өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндеттері тұрған кезде ғылыми институттар мен тәжірибелік станциялардың күш-жігерін біріктіру маңызды. Бірлескен жұмыс жаңа, неғұрлым тұрақты және өнімді сорттарды құруға, сондай - ақ тұқым шаруашылығы жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді", - деп атап өтті Савин Т.
Кеңеске жетекші салалық ұйымдардың басшылары мен ғылыми іс-шаралардың жауапты орындаушылары қатысты:
- "Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ" ЖШС;
- "Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ" ЖШС;
- "Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты" ШЖҚ РМК;
- "Биологиялық қауіпсіздік мәселелері институты" ЖШС;
- "Қарабалық ауылшаруашылық тәжірибе станциясы"ЖШС;
- "Қазақ жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институты"ЖШС;
- "Солтүстік Қазақстан ауылшаруашылық тәжірибе станциясы" ЖШС;
- "А.Ф. Христенко атындағы Қарағанды ауылшаруашылық тәжірибе станциясы" ЖШС;
- "Павлодар ауылшаруашылық тәжірибе станциясы" ЖШС;
- "Красноводопад ауылшаруашылық тәжірибе станциясы" ЖШС;
- "Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық тәжірибе станциясы" ЖШС.
Жұмыс барысында қатысушылар бидай, арпа, сұлы, күріш, құмай, жүгері, тритикале селекциясы, сондай-ақ сорттардың құрғақшылық пен ауруларға төзімділігін зерттеу бағыттарын қамтитын зерттеулердің аралық нәтижелерінің презентациясын ұсынды.
Кеңес қорытындысы бойынша орындаушы ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, әдістемелік тәсілдерді жетілдіруге және зерттеулердің практикалық бағытын күшейтуге бағытталған Бағдарламаны іске асырудың келесі кезеңіне негізгі міндеттер белгіленді.

скачать dle 12.0
4 422 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх