Қолданбалы аграрлық ғылымның нәтижелері ауыл шаруашылығы өндірісіне белсенді енгізілуде


Жаңалықтар


019 "Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде ғылыми сүйемелдеумен қамтылған кезекті шаруашылықтың бірі "Қазақстан" ШҚ. Шаруашылық Ақмола облысының Атбасар ауданында орналасқан.
Демонстрациялық тәжірибелер жаздық жұмсақ бидайдың "Тобольская" және "Шортандинская 2012" екі сорты бойынша жалпы ауданы 400 гектардан астам егістікке салынды.
Жаздық жұмсақ бидайдың "Тобольская" сорты: тәжірибелік учаскедегі өнімділік 11,5 ц/га құрады, бұл шаруашылық технологиясы бойынша өсірілген бидайдың ұқсас сортының өнімділігінен 2 ц/га (гектарына+21%) жоғары.
Жаздық жұмсақ бидай " Шортандинская 2012" сорты: тәжірибелік учаскедегі өнімділік 10,0 ц/га құрады, бұл шаруашылық технологиясы бойынша өсірілген бидайдың ұқсас сортының өнімділігінен 0,7 ц/га (гектарына+7,5%) жоғары.
Сіздердің назарларыңызға "Қазақстан" ШҚ жүргізілген жұмыс бойынша бейнеролик ұсынамыз.
скачать dle 12.0
4 130 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх