Қолданбалы аграрлық ғылымның нәтижелері ауыл шаруашылығы өндірісіне белсенді енгізілуде


Жаңалықтар


Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауларында қолданбалы аграрлық ғылымның нәтижелерін енгізу және оны нақты ауыл шаруашылығы өндірісіне масштабтау қажеттігі бірнеше рет атап өтілді.
Ағымдағы жылы А.И. Бараев атындағы ғылыми-өндірістік орталықтың ғалымдары Ақмола облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының қолдауымен 019 "Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарламасын іске асыруда.
Мақсаты-климаттың өзгеруін және топырақтың сапалық жағдайын ескере отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарын өндірудің тиімділігін арттыру.
Бүкіл вегетациялық кезеңде Орталық ғалымдары егістіктерде 6 шаруашылықты (Ақмола облысының Атбасар, Астрахан, Жарқайың, Зеренді, Целиноград аудандарының шағын шаруашылықтарынан ірі шаруашылықтарға дейін) толық ғылыми сүйемелдеу жүргізді.
Ғылыми сүйемелдеу келесі негізгі бағыттарды қамтыды:
- шаруашылықтардың өндірістік қызметіне талдау жүргізу;
- егіс алқаптарына агрохимиялық зерттеу жүргізу;
- тұқым материалына микробиологиялық зерттеу жүргізу;
- топырақты сегу алдындағы және өсіп-өну кезеңіндегі өңдеу;
- өсімдіктерді қорғаудың кешенді жүйесін, орталық базасында сынақтан өткен заманауи препараттармен тамырдан тыс қоректендіру жүргізуді, топырақтың агрохимиялық көрсеткіштерін ескере отырып, минералды тыңайтқыштарды енгізуді қамтитын технологиялық карталарды әзірлеумен өндірістік тәжірибелерді салу;
- өнімділікмониторингі, астықөнімділігіменсапасыбойыншасорттардыбағалау.
Осындай шаруашылықтардың бірі – Ақмола облысы Жарқайың ауданының "Жер 1" ЖШС элиталық-тұқым шаруашылығы болып табылады. 600 гектар алқапта жаздық жұмсақ бидайдың «Шортандинская 95 улучшенная» сорты бойынша демонстрациялық тәжірибе жүргізілді. Тәжірибе бойынша өнімділік 15,4 ц/га құрады, бұл шаруашылық технологиясы бойынша өсірілген бидай өнімділігінен 2,9 ц/га (гектарына+23,2%) жоғары.
Сіздердің назарларыңызға 019 "Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарламасы аясында «Жер1» ЖШС-де атқарылған жұмыстар бойынша дайындалған бейнероликті ұсынамыз.
скачать dle 12.0
4 497 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх