А.И. Бараев атындағы АШ ҒӨО ғалымдары Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін озық агротехнологияға оқытуда


Жаңалықтар

2025 жылғы 13-14 наурызда Ақмола облысы Атбасар және Астрахан аудандарының фермерлеріне арналған оқыту семинарлары өткізілді.


Ғалымдар әр ауданның топырақ-климаттық жағдайларын ескере отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру технологияларының ерекшеліктері туралы ақпаратпен бөлісті. Өсімдіктерді қорғаудың кешенді жүйесі, минералды тыңайтқыштарды, ГАЖ-технологияларды тиімді қолдану, сондай-ақ Ақмола облысының Атбасар және Астрахан аудандарының егістіктерінде қар тоқтату жұмыстары бойынша ұсыныстар жасалды.


Ағымдағы ауыл шаруашылығы жылының проблемалары айтылды, ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын таңдау бойынша ұсыныстар ұсынылды.


Бұл жұмыс 019 «Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде Ақмола облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының қолдауымен жүргізіледі.


Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы жалпы ауданы 2600 гектардан астам АӨК пилоттық 6 субъектісінің базасында әртүрлі топырақ-климаттық жағдайларда Ақмола облысының агроөнеркәсіптік кешен субъектілері арасында алынған тәжірибені тарата отырып, демонстрациялық учаскелер орналастырылатын болады.


Қазіргі уақытта А. И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ҒӨО ғалымдары пилоттық шаруашылықтар алқаптарында ауыл шаруашылығы жұмыстарын маусымның басына дайындау бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.




скачать dle 12.0
32 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх