А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының ғалымдары ауыл шаруашылығы өндірісінің рентабельділігін арттыруға көмектесуде


Жаңалықтар

Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу мақсатында Ақмола облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының тапсырысы бойынша Ақмола облысының агроөнеркәсіптік кешенінің 6 субъектісі базасында 019 «Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасын іске асыру басталды.


Жобаны іске асырудың мақсаты Ақмола облысының аумағында өнімділікті 10-15%-ға арттыруға бағытталған топырақ-климаттық әлеуетті, өсірудің инновациялық технологияларын және ауыл шаруашылығы дақылдарының перспективалы сорттарын тиімді пайдалану негізінде Ақмола облысының элиталық-тұқым шаруашылығы, тұқым шаруашылығы, шаруа қожалықтарында өсімдік шаруашылығы өнімдерінің орнықты өндірісін қарқындатуға бағытталған инновациялық тәжірибені тарату және енгізу болып табылады.

Бүгінгі таңда А. И. Бараев атындағы АШҒӨО ғалымдары агроөнеркәсіптік кешеннің іріктелген 6 субъектісінің пилоттық танаптарының тарихына, жай-күйі мен техникалық қамтамасыз етілуіне, топырақ-климаттық, жер, материалдық-техникалық жағдайларына талдау жүргізді. Алғашқы практикалық кеңестер беріліп, шаруашылықтарға оқыту семинарлары өткізілді.


Ағымдағы жылы жалпы ауданы 2600 гектардан астам пилоттық танаптар базасында әртүрлі топырақ-климаттық жағдайларда Ақмола облысының агроөнеркәсіптік кешен субъектілері арасында алынған тәжірибені тарата отырып, демонстрациялық учаскелер орналастырылатын болады.

скачать dle 12.0
130 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх