2026 жылы А.И. Бараев атындағы АШҒӨО құрылған ауыл шаруашылығы дақылдарының 6 сорты ҚР Ауыл шаруашылығы жетістіктерінің Мемлекеттік реестріне енгізіледі
Жаңалықтар

2025 жылғы 3 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі А.С. Сұлтановтың төрағалығымен ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынау мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті.
Отырыс жұмысына "А.И. Бараев атындағы АШҒӨО" ЖШС-нің Басқарма Төрағасы б.ғ.к. Т.В. Савин, көпжылдық шөптердің селекциясы бөлімінің меңгерушісі, а.ш.ғ.к., Н.И. Филиппова және дәнді-бұршақ, майлы және жарма дақылдарының селекциясы бөлімінің меңгерушісі И.П. Ошергина қатысты.
Осы комиссия жұмысының нәтижесінде 2026 жылы аудандастыруға "А.И. Бараев атындағы АШҒӨО" ЖШС 2017-2023 жылдары құрылған ауыл шаруашылығы дақылдарының 6 сорты ұсынылды: жаздық сұлының Дамсинский голозерный сорты, тарының Изумрудное и Реноме сорттары, асбұршақтың Шанс сорт, судан шөбінің Северянка (kz) сорыт, еділ түйежоңышқаның Ақ таң сорты.


3 074 -рет қаралды




















