АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


Жаңалықтар


Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

"Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КЕАҚ


"А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС


АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


Құрметті әріптестер!

Сіздерді А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ҒӨО (Бүкілодақтық, содан кейін А.И. Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ҒЗИ) 70 жылдығына арналған "Заманауи аграрлық ғылым: егіншілік, өсімдік шаруашылығы және селекциядағы инновациялық шешімдер" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз.


Конференция 2026 жылғы 31 шілдеде "А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС өтеді.


Конференцияның мақсаты — ғалымдарды, агрономдарды, селекционерлерді және сала мамандарын біріктіріп, өзекті ғылыми нәтижелермен, практикалық технологиялармен және агроэкожүйелердің абиотикалық және биотикалық факторларға төзімділігін арттыру стратегияларымен алмасу.

Конференцияда басты назар келесі мәселелерге аударылады:

Қарқынды егіншілік

Жер ресурстарын ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығын сақтау және қалпына келтіру. Тыңайтқыш жүйелерін, ауыспалы егістерді және өнімділікті тұрақты арттыру үшін минималды өңдеу әдістерін талқылау.

Өсімдік шаруашылығын әртараптандыру

Тұрақты және рентабельді өндіріске апаратын жол ретінде аралас және ауыспалы дақылдар модельдері; әртараптандырудың экономикалық және агроэкологиялық артықшылықтары.



Органикалық егіншілік


Жоғары сапалы өнімді өндірудің жаңа мүмкіндіктері: синтетикалық пестицидтер мен тыңайтқыштарсыз агротехнология, нарық және сапа стандарттары.

Нақты егіншілік

Абиотикалық стресстер мен биотикалық қауіп-қатерлерге төзімділікке селекция – ауыл шаруашылығының тұрақты дамуының негізі.

Генофонд және селекция

Инновациялық ауыл шаруашылығына апаратын жол


Конференцияға ғалымдар, ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандары, жоғары оқу орындарының, өндірістік құрылымдардың, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ жас ғалымдар мен докторанттар қатысуға шақырылады.

Конференция басталғанға дейін қатысушылардың баяндамалары, мақалалары мен хабарламалары жинақ болып жарық көреді деп жоспарлануда. Барлық жарияланымдарға DOI идентификаторы беріледі, ал баяндамалар жинағына халықаралық стандартты кітап нөмірі ISBN тағайындалады. Жинақтың электрондық нұсқасы Орталықтың ресми сайтында еркін жүктеу үшін қолжетімді болады. Конференция материалдарын жариялау тегін негізде жүзеге асырылады.

Конференцияның жұмыс тілдері ретінде қазақ, ағылшын және орыс тілдері белгіленді.

Конференцияның негізгі бағыттары:

1) Егіншілік және өсімдік шаруашылығы

2) Селекция және тұқым шаруашылығы

3) Өсімдікті қорғау

4) Мал азығы өндірісі

5) Қазақстанның аграрлық секторының экономикалық проблемалары

6) Экология және табиғатты ұтымды пайдалану

7) Биология және биотехнология


Қатысуға өтінімдер мен материалдарды (1 және 2-қосымшалар бойынша) 2026 жылғы 1 мамырға дейін nauka-baraeva@mail.ruэлектрондық поштаға жолдауларыңызды сұраймыз. Кейінірек берілген материалдар қабылданбауы мүмкін немесе бөлек томға қосылуы мүмкін.


Мақалаларды қабылдау мен ресімдеуге қойылатын талаптар:



Библиография және тексеру

Әдебиеттер тізімі мəтіннің соңында беріледі жəне дереккөздерді көрсету тəртібімен жасалады, мəтіндегі сілтемелер төртбұрышты тік жақшада жасалады

Авторлық құқықтар мен сапаны сақтау үшін материалдар плагиатқа тексеруден өтеді. Мақаланың түпнұсқалығы кемінде 65% болуы тиіс. Жоғарыда аталған барлық талаптарды сақтай отырып, мәтіндерді соңғы өңделген түрде жіберуіңізді сұраймыз.




Форматы мен көлемі

Көлемі (әдебиеттер тізімін қоса алғанда) - 7 беттен аспауы тиіс, А4 (кітап бағдары), Times New Roman 14 pt, интервал - бір, шеткі жиектері: жоғарғы/төменгі/сол/оң - 2 см, ені бойынша тураланған және міндетті түрде автоматты тасымалдау қондырғысы болуы керек.



Бірінші беттің құрылымы

Бірінші жолдың ортасында — мақаланың атауы бас әріптермен қалың қаріппен, бір интервалдан кейін ортасында - автордың аты-жөні мен тегі (қалың қаріп) және бір интервалдан кейін ортасында -қала/ұйымның атауы. Екі интервалдан кейін негізгі мәтін абзацтан басталады.




Мақалаларға қойылатын талаптар

Мақалалар бұрын жарияланбаған болуы керек. Бір автордан-бір мақаладан артық емес; ғылыми жетекші студенттердің/магистранттардың/докторанттардың екі жұмысынан артық емес бірлескенавтор бола алады.



Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы және байланыс телефондары:

Қазақстан, 021601, Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Научный кенті, А.И. Бараев атындағы АШҒӨО: т/ф: 87712827130; 8 (71631) 23032; 8 (71631) 23029; e-mail: tsenter-zerna@mail.ru


Конференцияны ұйымдастыру комитетінің төрағасы,

«А.И. Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС

Басқарма Төрағасы Калибаев Б.Б.


Қосымша 1


"Абиотикалық және биотикалық стресс факторларына төзімді ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы және қарқынды егіншілік"халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға

өтінім

1Тегі
Аты
Әкесінің аты
2Ғылыми дәрежесі, атағы
3Ұйым
Лауазымы
4Байланыс деректері:
Телефон+7 7…..
e-mail
5Секция атауы
6Баяндаманың толық атауы
7Қолы
Толтыру күні


Қосымша 2


Тезисті рәсімдеу үлгісі

ӘОЖ


АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДІ ДАМЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ

ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ


Шимелкова Р.Ж., Алдиярова А.К.

"А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС,

Научный кенті, Қазақстан


Кіріспе

Зерттеудің жаңалығы

Мақсаты мен міндеттері

Материалдар және әдістемелер

Зерттеу нәтижелері

Қорытынды


Әдебиеттер тізімі


(Әдебиеттер тізімі ГОСТ 7.1-2003 "Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Құрастырудың жалпы талаптары мен ережелері" сәйкес рәсімделеді)


1.

2.

3.


скачать dle 12.0
57 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх