Калибаев Бауыржан "А.И. Бараев атындағы АШҒӨО" ЖШС Басқарма Төрағасы болып сайланды


Жаңалықтар


2026 жылғы 5 қаңтарда "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КеАҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бұрын "Көкшетау тәжірибелік-өндірістік шаруашылығы" ЖШС Басқарма Төрағасы қызметін атқарған Калибаев Бауыржан "А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС Басқарма Төрағасы болып сайланды. Философия докторы (PhD) дәрежесіне ие. Қазақ ұлттық аграрлық университетін агрономия, агрохимия және өсімдіктерді қорғау мамандығы бойынша бітірген.
2004-2010 жылдары Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ ғылыми қызметкері, "Қаскелең тәжірибелік шаруашылығы" ЖШС бас агроном болып жұмыс атқарды
2011-2015 ж.ж. ҚР АШМ АӨК МИК Қарасай ауданының өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік инспекторы 
2015-2021 жылға дейін Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ түрлі лауазымдарда жұмыс істеді
2021-2022 жылдары "ҰАҒБО" КеАҚ ғылым және зияткерлік меншік басқармасының менеджері 
2022 ж. - "Agropark Ontustik" ЖШС, Басқарма Төрағасының инновациялық технологияларды енгізу жөніндегі орынбасары
2022-2023 ж.ж. "Агротехнологияларды трансферттеу және коммерцияландыру орталығы" ЖШС Басқарма Төрағасының орынбасары 
2023 ж. "Нурай-Н" Астық компаниясы "Запорожье-Агро" ЖШС директорының ғылым жөніндегі орынбасары
2024 ж. "Көкшетау тәжірибелік-өндірістік шаруашылығы" ЖШС  Басқарма Төрағасы болып жұмыс атқарды
Ғылыми жетістіктері: күздік арпаның "Айдын"және эспарцеттің "Балгул" сорттарының авторы. Халықаралық және республикалық ғылыми жобалардың қатысушысы және жетекшісі. Отандық және шетелдік жоғары рейтингті басылымдарда 20-дан астам ғылыми жарияланымдардың авторы.скачать dle 12.0
355 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх