А.И. Бараев атындағы АШҒӨО басшысы Бауыржан Қалибаев Ақмола облысының аграршыларына көктемгі дала жұмыстары бойынша ұсыныстар берді


Жаңалықтар


Бүгін Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министрі Азат Сұлтановтың, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың қатысуымен аграрлық кеңес өтті. Кеңеске агробизнес өкілдері, ғылыми қауымдастық және салалық құрылымдардың өкілдері қатысты.

Кеңес аясында «А.И. Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС Басқарма Төрағасы Бауыржан Калибаев өз сөзінде 2026 жылғы көктемгі егістік науқаны бізден барынша салмақты және технологиялық сауатты шешімдерді талап ететін нақты агроклиматтық жағдайларда өтіп жатқанын атап өтті.

Ең алдымен ылғалмен қамтамасыз етілу ерекшеліктерін атап өткен жөн. Бірқатар өңірлерде мұз қабатының түзілуі және қар жамылғысының біркелкі ерімеуі байқалды, бұл еріген судың топыраққа сіңуін айтарлықтай төмендетеді. Нәтижесінде ылғалдың бір бөлігі жер үсті ағыны мен булану есебінен жоғалады.

Бұл жағдайда ерте көктемгі топырақты уақтылы өңдеу ерекше маңызға ие. Бұл әдіс жинақталған ылғалды сақтауға, топырақ құрылымын жақсартуға және өсімдіктердің вегетациялық кезеңін бастау үшін оңтайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Тәжірибе көрсеткендей, осы мерзімдерді сақтау өнімділікке тікелей әсер етеді: айырмашылық гектарына шамамен 3-4 центнерге жетуі мүмкін.

Тұқым материалының сапасына ерекше назар аудару қажет. Тұқымдарды дайындау жан-жақты сипатта болуы тиіс. Ең алдымен — олардың жай-күйі мен залалдану деңгейін бағалау мақсатында фитоэкспертиза жүргізу қажет. Еске саламын, рұқсат етілген шекті деңгей 7 пайыздан аспауы тиіс.


Міндетті элементтердің бірі — тұқымды дәрілеу болып табылады, ол себуге бірнеше күн қалғанда жүргізіліп, өсімдіктерді дамудың бастапқы кезеңдерінде қорғауды қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ тұқымдарды ауамен жылыту ұсынылады, бұл олардың физиологиялық белсенділігін арттыруға ықпал етеді.

Қосымша ретінде өсу реттетегіштерін қолдану орынды, олар тұқымның өну энергиясын арттырып, егін көгінің біркелкі шығуын қамтамасыз етеді. Қазіргі жағдайларда технологиялық тәртіпті сақтауға ерекше назар аударылды. Тек кешенді тәсіл — топырақты өңдеуден бастап тұқымды дайындауға дейін — қолда бар ресурстарды тиімді пайдалануға және өнімділіктің тұрақты деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Орталық басшысы ғалымдардың әр өңірдің жағдайына бейімделген ғылыми негізделген шешімдерді ұсына отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді сүйемелдеуді жалғастыратынына назар аударды.

Басқарма Төрағасы атап өткендей, барлық ұсынымдар АШҒӨО ғалымдарының селекциялық материалмен жұмыс істеудегі көпжылдық ғылыми зерттеулері мен практикалық тәжірибесіне негізделген. Бұл ұсынымдар 2026 жылы агрометеорологиялық, фитосанитарлық, топырақтық және экономикалық тәуекелдерді барынша азайтуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығының тұрақтылығы мен өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сөз соңында АШҒӨО басшысы ауыл шаруашылығындағы ғылыми көзқарас пен стратегиялық жоспарлаудың маңыздылығын атап өтті, бұл әсіресе өзгермелі климат пен нарықтық сын-тегеуріндер жағдайында өзекті.скачать dle 12.0
51 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх