АШҒӨО-да Дала күні өтеді
Жаңалықтар

Құрметті әріптестер!
Сіздерді А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының (бұрынғы Бүкілодақтық, кейін Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты) 70 жылдығына арналған "Заманауи аграрлық ғылым: егіншілік, өсімдік шаруашылығы және селекциядағы инновациялық шешімдер" атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.
Конференция 2026 жылғы 23-24 шілде күндері өтеді. Іс-шара аясында 24 шілде күні А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы базасында конференцияға орайластырылған Дала күні өтеді.
Конференцияның мақсаты — ғалымдарды, агрономдарды, селекционерлерді және сала мамандарын біріктіріп, агроэкожүйелердің абиотикалық және биотикалық факторларға төзімділігін арттыруға бағытталған өзекті ғылыми нәтижелермен, практикалық технологиялармен және стратегиялармен алмасу.
Конференцияда келесі мәселелерге басты назар аударылады:
- Қарқынды егіншілік.Жер ресурстарын ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығын сақтау және қалпына келтіру. Өнімділікті тұрақты арттыру мақсатында тыңайтқыш жүйелері, ауыспалы егіс және топырақты минималды өңдеу әдістерін талқылау.
- Өсімдік шаруашылығын әртараптандыру.Тұрақты әрі табысты өндіріс жолы ретінде аралас және кезектесіп егілетін дақылдар модельдері; әртараптандырудың экономикалық және агроэкологиялық артықшылықтары.
- Органикалық егіншілік.Жоғары сапалы өнім өндірудің жаңа мүмкіндіктері: синтетикалық пестицидтер мен тыңайтқыштарды қолданбайтын агротехнологиялар, нарық және сапа стандарттары.
- Нақты егіншілік. Инновациялық ауыл шаруашылығына бастар жол
- Генофонд және селекция. Абиотикалық стресс пен биотикалық қауіптерге төзімді селекция — ауыл шаруашылығының тұрақты дамуының негізі.
Дала күнінің мақсаты — ғылыми жетістіктерді, ауыл шаруашылығы дақылдарының перспективалы сорттарын, заманауи өсіру технологияларын, ауыл шаруашылығы техникасын және тәжірибелік-танаптық зерттеулердің нәтижелерін таныстыру.
Жоспарда:
• тәжірибелік және өндірістік егіс алқаптарын көрсету;
• ғылыми әзірлемелер мен инновациялық технологиялардың таныстырылымы;
• заманауи ауыл шаруашылығы техникасының көрмесі;
• ғалымдар мен өндіріс мамандары арасында тәжірибе алмасу;
• практикалық консультациялар мен пікірталас алаңдарын өткізу.
Қатысу форматы:
• офлайн және қашықтан (онлайн);
• баяндама жасап қатысу;
• Дала күніндегі көрме және демонстрациялық бағдарламаға қатысу.
Конференция қорытындысы бойынша:
Қатысушылар баяндамаларының материалдары конференция бағдарламасына енгізіліп, материалдар жинағында жарияланады.
Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы мен байланыс телефондары:
Қазақстан, 021601, Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Научный кенті, А.И. Бараев атындағы АШҒӨО, т/ф: 87712827130; 8 (71631) 23029;
e-mail: nauka-baraeva@mail.ru
Конференция ұйымдастыру комитетінің төрағасы, А.И. Бараев атындағы АШҒӨО Басқарма ТөрағасыКалибаев Б.Б.




















