А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы ғалымдарының зерттеу нәтижелері тарлау қияқтың жаңа бейімделгіш сорттарын шығаруға бағытталған


Жаңалықтар


2024-2025 жылдары АР23488044 «Тарлау қияқтың жайылымдық түріндегі (Psathyrostachys juncea) мал азықтық массасындағы селекция және молекулалық маркерлер әдістерімен кремнийдің мөлшерін азайту» жобасы бойынша жүргізілген зерттеулердің нәтижелері.

АР23488044 «Тарлау қияқтың жайылымдық түріндегі (Psathyrostachys juncea) мал азықтық массасындағы селекция және молекулалық маркерлер әдістерімен кремнийдің мөлшерін азайту» гранттық қаржыландыру жобасы аясында кремний мөлшері төмен әрі мал азықтық құндылығы жоғары Psathyrostachys juncea үлгілері анықталды.

Зерттеушілер әлемнің әртүрлі елдерінен жиналған Psathyrostachys juncea (Russian wildrye)түрінің 72 үлгісіне ауқымды зерттеу жүргізді. Бұл Қазақстанның құрғақ дала аймақтарындағы ең маңызды жайылымдық дақылдардың бірі болып табылады.

Зерттеудің негізгі мақсаты — кремний мөлшері төмен өсімдік формаларын анықтау. Кремнийдің шамадан тыс болуы жапырақтардың қатайып кетуіне әкеледі, малдың шөпті жеуін төмендетеді және азықтың қорытылуын нашарлатады.

Зерттеу барысында:

кремний мөлшері бойынша кең генетикалық әртүрлілік анықталды — 1,45%-дан

4,11%-ға дейін;

мал азықтық массаның биохимиялық құрамы жан-жақты бағаланды; кремний мөлшері төмен және қоректік құндылығы жоғары үздік үлгілер іріктелді;

жайылымдық массаның сапасы жақсартылған перспективалы гибридтер алынды;кремний, протеин, клетчатка және мал азықтық сапасының басқа көрсеткіштері арасындағы өзара байланыстар анықталды.

Зерттеу барысында жайылымдық массаның сапасы мен ауыл шаруашылығы жануарларының азықты сіңіру деңгейіне тікелей әсер ететін көрсеткіштерге ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, шикі протеиннің, клетчатканың, бейтарап-детергенттік және қышқыл-детергенттік клетчатканың мөлшері, сондай-ақ жайылымдық масса ақуыздарының аминқышқылдық құрамы жан-жақты зерттелді. Зерттеу нәтижесінде кремний мөлшері төмен үлгілердің ақуыз мөлшері жоғарырақ болып, мал азықтық құндылық көрсеткіштері бойынша жақсы нәтижелер көрсеткені анықталды.

Ең перспективалы үлгілер будандастыру жұмыстарына пайдаланылды. Соның нәтижесінде жаңа гибридтік комбинациялар алынды. Олардың бір бөлігі кремнийдің төмен жиналу қасиетін (2%-дан төмен) сақтай отырып, мал азықтық сапасының жақсарған көрсеткіштерін және жоғары селекциялық әлеуетін көрсетті.

Зерттеу нәтижелері Psathyrostachys juncea түрінің қоректік құндылығы жоғары әрі Солтүстік Қазақстан жағдайындағы жайылымдарға жақсы бейімделген жаңа сорттарын шығаруға негіз бола алады. Сонымен қатар, бұл жұмыс өсімдіктердегі кремнийдің тасымалдануы мен жиналуына жауап беретін гендерді одан әрі зерттеуге жаңа мүмкіндіктер ашады.

Зерттеу нәтижелері MDPI шығаратын Life халықаралық ғылыми журналында жарияланған «Low Silicon and Better Pasture Feeding Quality: Uncovering Genetic Diversity in Russian Wildrye (Psathyrostachys juncea)» атты мақалада баяндалған. Авторлардың пікірінше, алынған деректер тарлау қияқтың (Psathyrostachys juncea) қоректік құндылығы жоғары және Солтүстік Қазақстанның жайылымдық алқаптарына анағұрлым бейімделген жаңа сорттарын жасауға ғылыми негіз бола алады.


1-сурет – Psathyrostachys juncea будандастыру питомнигі

2-сурет – Кремний мөлшері төмен КЛ-1804 және КЛ-1805 гибридтері
3-сурет – Капель 105М (Люмекс, Ресей) құрылғысында Psathyrostachys juncea жайылымдық массасының аминқышқылдық құрамын талдау процесі

4-сурет – Fibretherm FT12 (Gerhardt, Германия) құрылғысында детергенттік клечатка мөлшерін анықтау



скачать dle 12.0
25 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх