Америкалық компания Бараев институты жанынан оқу орталығын ашады
Жаңалықтар
АҚШ елімізге инвестиция көлемін ұлғайтуға ниетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Еліміздің ауыл шаруашылық министрі Сапархан Омаров АҚШ-қа сапары барысында осындай келісімге қол жеткізді. Оған сәйкес Дүниежүзілік банк Қазақстандағы ет-мал шаруашылығын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға 500 миллион доллар бөлетін болды. Сонымен қатар АҚШ-тың ғылыми-зерттеу орталықтарымен бірқатар жобаны жүзеге асыру туралы шешім қабылданды.
Сапархан Омаров, ҚР ауыл шаруашылығы министрі: – Біз АҚШ-тың ауыл шаруашылығы министрлігімен және осы саладағы жетекші компаниялармен кездесіп, бірқатар мәселелні талқыладық. Соның бірі «Валмонт» компаниясы Бараев институты жанынан оқу орталығын ашатын болды. Қазір АҚШ-тағы ірі компаниялармен ет зауыттары мен мал бордақылайтын орындар салу туралы келіссөз жүргізіп жатырмыз. Америкалық инвесторлардың келуі елімізде ауылшаруашылық саласының дамуына жаңа серпін береді деген ойдамыз.
https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/325394-amerikaly-kompaniya-baraev-instituty-zhanynan-o-u-ortaly-yn-ashpa
995 -рет қаралды