Америкалық ғалым Джон Расик Бараев орталығына келді


Жаңалықтар
Джон Расик 47 елде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген ірі ғалым. 
Бүгін А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығына америкалық ғалым, топырақтанушы Джон Расик келді.
Шетелдік ғалым американдық "Valmont" компаниясымен ынтымақтастық аясында "Ауыл шаруашылығы дақылдарына арналған суармалы жерлер" (Ақылды суару) ғылыми-зерттеу жұмысы барысында топырақ сынамаларын зерттеп, талдау жүргізеді.

Сонымен қатар бүгін Джон Расик қазақстандық әріптестері дайындаған топырақ сынамаларын іріктеп алды.
Айта кетейік, Джон Расик осыған дейін 47 елде (АҚШ, Австралия, БАӘ, Катар, Сауд Арабиясы, Алжир,Судан, Нигерия және т. б.) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген халықаралық тәжірибесі мол, ірі ғалым. скачать dle 12.0
1 068 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх